Тілдер

Тілді таңдаңыз:

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Фотогалерея

 

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК National Geographic-пен бірге арнайы жоба жүзеге асыруда

 

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы National Geographic-пен  бірге арнайы жоба жүзеге асыруда. Бұл туралы компанияның Ілгерілету және туризм департаментінің директор орынбасары Роза Асанбаева, «National Geographic Traveler» бас редакторы Ольга Яковина және Ілгерілету және туризм департаментінің бас менеджері Даниел Сержанұлының қатысуымен болған баспасөз мәслихатында белгілі болды. 

«Халықаралық National Geographic Travel Awards жүлдесі өзіндік туризм саласының Оскары болып табылады. Биыл жүлде серіктесі Қазақстан, ЭКСПО-2017 атанды. Қазақстан бүгінде мейлінше әлеуеті зор бағыт. Оған деген қызығушылық күн арта өсуде. Сондықтан біз халықаралық, ресейлік туризм мен саяхат туралы жетекші басылым ретінде оған назар аудармай тұра алмадық», – деді өз сөзінде Ольга Яковина.  

Арнайы жоба екі байқауды қосады. Бірі – «Қазақстан – жаңа ашылым уақыты», екіншісі – «Қазақстан – болашақ энергиясы».

«Қазақстан – жаңа ашылым уақыты» маршруттар байқауы 8 қыркүйек пен 6 қараша аралығында өткізілуде. Қатысамын деушілер nat-geo.ru Қазақстанның көрікті жерлері туралы өз оқиғаларын жолдауларына болады. Қазіргі күннің өзінде 26 өтінім берілді. Бас жүлде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне жолдама алады. Әрі ол 17 қараша күні Міскеу қаласында өткізілетін National Geographic Traveler Awards 2016 салтанатты шарасында табыс етіледі.

«Қазақстан – болашақ энергиясы» фотобайқауы 28 қыркүйекте басталып, 28 қазанға дейін өткізіледі. Оған да қатысамын деушілер nat-geo.ru сайтына Қазақстанның суреттерін жолдауы тиіс. Байқау әділқазылары ең үздік жұмыс иелерін 1 қараша күні атайтын болады. Жеңімпаздың еңбегі National Geographic-тің әлеуметтік желілерінде орналастырылады. Сондай-ақ жеңімпаз National Geographic командасы және шеф-фотограф Андрей Каменевпен бірге 2017 жылдың мамыр айында Қазақстанға фотоэкспедицияға бара алады. 

 

Ресей Федерациясының шекаралық өңірлері Астана ЭКСПО-2017 қарсаңында логистика мәселесін қарастыруда

 

 

Ресей Федерациясының шекаралық өңірлері Астана ЭКСПО-2017 қарсаңында логистика мәселесін қарастыруда

 

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ кеңсесінде Қазақстан мен Ресейдің ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы қарсаңында ұлттық компания Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Ресей Федерациясындағы бірнеше облыс губернаторларымен кездесті.  

«Ресейдің 14 өңірімен, оның ішінде 12 шекаралас облыстар, 34 млн. астам тұрғыны бар Татарстан Республикасы Свердловск облысынан көрмені тамашалауға көптеген туристер келеді деп отырмыз. Бүгінгі меморандумға қол қою Ресей Федерациясының өңірлерімен ынтымақтастықты нығайтып, Ресейден ЭКСПО-ға келушілер санын арттыруға ықпал етеді деген үміттеміз» – деді өз сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов.

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі тақырыбының өзектілігін ескере отырып,  ең алдымен өз пікірі бар, болашақ технологиясына, баламалы энергияны пайдалану бағытына қызығушылық танытып жүрген жандар келеді. Астрахань облысы – желі мен күні мол өңір. Сондықтан да біз үшін, әсіресе бизнес пен кәсіби сала мамандарына бұл өте қызықты. Турист ағымына қатысты, біз Астананы, ЭКСПО-2017 көргіміз келеді. Қазіргі таңда логистика мәселесін мейлінше тиімді ету үшін турагенттіктермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жатырмыз.

Басқосу барысында РФ бірқатар облысының губернаторларымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.  

 

«Болашақ энергиясы» тележобасына іріктеу жалғасуда

 

 

«Болашақ энергиясы» тележобасына іріктеу жалғасуда. Өткен айда «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Энергетика министрлігімен бірлесіп ғалымдар арасында байқау жариялаған болатын. Енді қазақстандық өнертапқыштардың жобаларын бәйгеге қосып, үздік атануға мүмкіндіктері бар. Әзірге іріктеуден өткен 6 жұмыс yourexpo.kz сайтында жарияланған. Естеріңізге сала кетейік, «Болашақ энергиясы» тележобасы «Хабар» мен «Хабар 24» телеарналарында күн сайын екі тілде шығады. Өтініштерді қабылдау желтоқсанға дейін жалғаспақ. Байқау жеңімпазының жобасы келер жылы халықаралық көрме кезінде көрсетіледі.

Ләззат Сағындықова, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің менеджері:

– Олардың барлық жұмыстары арнайы құрылған комиссиямен тексерілетін болады. Олардың патенттері болуы керек және де ол осыған дейін болмаған жоба болуы керек. Қазақстандықтар сол жобаларды таңдап, ең тәуірі, ең кереметі дегенге дауыс береді.

 

Бразилия ЭКСПО-2017-ға өз қатысуын ресми нақтылаған 99 ел болды

 

 

Бразилия – жаңартылатын энергияның рекордтық үлесіне қол жеткізген алғашқы тірі өнеркәсіптік ел. ЖЭК үлесі Бразилияда 73.4% құрайды

 

Бразилияның энергетикалық жүйесі өте әр түрлі және экологиялық. Энергия жүйесіне гидро электр стансалары (сектордың 75%), жылу электр стансалары, күн, жел және ядролық стансалар кіреді. Бразилия гидроэнергия өндіретін ірі өндіруші болып қана емес, қант қамысынан отын эталонын өндірумен байланысты әлемдегі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың ірі бағдарламаларының біреуін жүргізеді. Қазіргі уақытта этил спирті елдің автомобиль отынын қажетсінуінің 18%-ын жабады.

Бразилияда энергетикалық реформаның жемісті тәжірибесі ЭКСПО-2017 келушілер үшін, сондай-ақ қазба энергия көздерінен жаңартылатын энергия көздерін пайдаланғысы келетін Көрменің көптеген қатысушы елдері үшін үлкен қызығушылық тудырады. Бразилия мысалы нақты жағдайларда балама энергетика сенімді ғана емес, экономиканы дамыту үшін ынталандыру көзі болып табылатынын көрсетіп отыр.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Алматы қаласында 20 қаңтар сағат 16.00 де Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы тұңғыш рет «2015 жылдың Үздік инженері» атты байқаудың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау жиынын өткізеді, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынған Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында көрсеткендей инженер маңызды және басты тұлға болып есептеледі.

Салтанатты жиынды академияның президенті, академик Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы ашып, байқаудың мақсатымен алдына қойған міндеттері туралы айта отырып өткізіліп отырған байқаудың Егеменді мемлекетіміздің технологиялық және экономикалық мәселелерін шешуде Қазақстандағы инженер кадрларының беделін мықтылайтындығы туралы сөз етеді.

Байқау комиссиясының Төрағасы академик Құлыбаев Асқар Алтынбекұлы «2015 жылдың Үздік инженері» атты Республикалық байқаудың қорытындысын жариялап байқау жеңімпаздардың есімдерін атайды.

Бірінші байқауға еліміздің әр өңірінен әртүрлі инженерлік саладан 350 ден аса құжаттар келіп түсті.

Байқауда мемлекет мақтан тұтатын ең ірі индустриялдық жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асуына үлкен үлес қосқан мықты бетке ұстар инженерлерді анықтады.

Салтанатты марапаттау жиынына Қ.А. Абдуллаев, Р.А. Алшанов, К.М. Аухадиев, О.Б. Баймұратов, Ш.Х. Бекболатов. А.В. Болотов., Ә.Ш. Жомартов, А.Қ Қадыржанов, Ұ.Қ. Қараманов, С.М. Қожахметов, А.Ш. Татығұлов, Е.М. Шайхутдинов т.б. ҚРҰИА академиктері, еліміздің инженерлік саласының беделді ғалымдары «2015 жылдың Үздік инженері» Республикалық байқаудың жеңімпаздарына диплом және медлдарды марапаттайды.

Салтанатты жиынның соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академия Төралқасының мүшелері және «2015 жылдың Үздік инженері» атты байқаудың жеңімпаздарымен ұжымдық суретке түсу болады.

Салтанатты жиынның болатын орны:

Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 40, Дом Дружба, «Дөңгелек зал».

Пресс-орталығы ҚР ҰИА

+7 727 2 915290, 2915190