Тілдер

Тілді таңдаңыз:

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Фотогалерея

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар

25487

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

 

Құрметті қазақстандықтар!

Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын.

Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.

Толығырақ: Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар

at life uct ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

2016 жылдың 18-19 желтоқсан аралығында Сауд Арабиясы Әмірлігінің Мекке қаласында ғылыми-инженерлік академиялар мен бірлестіктер жетекшілерінің, халықаралық ғылыми – инженерлік қауымдастықтардың өкілдерінің, әлемнің 20-дан астам елдерінің танымал инженерлері мен ғалымдарының қатысуымен get link Ислам елдерінің инженерлік институттары Федерациясының Бас Ассамблеясы (FEIIC) өтті.

 Қазақстан FEIIC қызметіне белсене араласуда, 2011–2013 жылдары мәртебелі халықаралық ұйымды басқарды. Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік Академиясы (ҚР ҰИА) оның азияның үш мемлекетін - Қырғызстан, Өзбекстн, Әзірбайжанды біріктіретін аймақтық кеңсесі болып табылады және де «Инновациялық даму» бағытындағы FEIIC қызметіне жауапты.

Жиналыстарда инженерлік біліктілікті растау жүйесіндегі EQAPS халықаралық стандарт сұрақтары, әлемдік энергоресурстардың даму трендтері, сонымен қатар FEIIC аймақтық кеңселерінің есептері қарастырылды.

 FEIIC Бас Ассамблеясы жұмысына ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, академик Бақытжан  Жұмағұлов қатысты.

Ол өз баяндамасында  Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлектеттің стратегиялық даму бағытында заманаиу энергия мен оның ресурстық қоры, болжам жасау және XXI  ғ. энерготехнологиялық дамуды әртараптандыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлгендігі туралы айтып өтті.

Бұл бағытқа келер жылы Қазақстанда өткізілетін «Астана ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесінңің қосар үлесі зор. Онда аталмыш саладағы ғылым мен техникада үздік әлемдік жетістіктер, инновациялық амалдар мен технологиялар көрсетіледі. Бұл ауқымды жобаны президент Н.Назарбаев ұсынған. Әлемнің 100 ден астам мемлекеті  және 20 халықаралық мәртебелі ұйым өздерінің аталмыш шараға қатысатындықтарын бекітіп үлгерді.

Дүниежүзілік көрме аясында академия ірі халықаралық және ұлттық ұйымдар мен бірлестіктермен ынтымақтаса отырып әлем тәжірибесіндегі бірегей шара – «Болашақ энергиясы: инновациялық сценарийлер және олардың жүзеге асыру әдістері» тақырыбында  инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресін WSEC-2017 ұйымдастырғалы отыр.  Қазіргі таңда конгреске 80 елден 500-ден астам әлеуетті қатысушы анықталып отыр: Нобель сыйлығы мен «Жаһандық энергия» Халықаралық сыйлығының лауреаттары, энергетика саласындағы танымал сарапшылар мен ғалымдар. Бақытжан Жұмағұлов FEIIC  Бас Ассамблеясы қатысушыларына инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресінің WSEC-2017  жұмысына қатысуға шақырулар жолдады.

FEIIC шарасы соңында «Болашақ Энергиясы» тақырыбы FEIIC мүшелерінің «Инновациялық даму» бағытындағы жұмыстарының негізгі векторы болып анықталғаны туралы шешім қабылданды.

Пресс-центр НИА РК

+7 727 2915290

 

Толығырақ: ПРЕСС-РЕЛИЗ-20

 photo 83485

Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлыны Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының Төралқасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен, Еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуға, Егемендігінің Мәңгілік Ел болып қалыптасуына, білім мен ғылым саласын дамытуда, адал және қажырлы еңбегі Мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Достық» орденінің иегері болуымен шын жүректен құттықтайды.

Құрметті Бақытжан Тұрсынұлы, әрдайым абыройыңыз асқақ, мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

Еліміздің қалаулысы болып, Халқымыздың  ерекше құрметіне бөленіп, абыройлы игі істеріңіз жалғасын таба берсін.

Толығырақ: орден «Достық»

 

2016 жылдың 16 қарашасында, сағ. 15.00.
«Тұран» Университетінде


«Тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері»

«2016 жылдың үздік инженері»


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

 

Толығырақ: 2016 жылдың үздік инженері

 

2016 ж. 24-25 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының 25 жылдығына арналған Салтанатты Сессия өтеді.

Салтанатты Сессия шеңберінде:

24 қараша 2016 ж.

* 16.30: Халықаралық инженерлік академиясының президенттер Кеңесінің мәжілісі.

Жиынның өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі, 80, ҚР Ұлттық инженерлік академия.

 

25 қараша 2016 ж.

* 9.00: Халықаралық ғылыми конференцияның «Тұрақты индустриалды–инновациялық даму: үрдістер мен технологиялар» пленарлық отырысы.

Жиынның өтетін мекен-жайы: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29, Ғылым Ордасының Концерт залы.

* 17.00: Салтанатты Сессиясы.

Жиынның өтетін мекен-жайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 38, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры.

 

Толық ақпараттар үшін: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Богенбай батыр көшесі, 80,

тел./факс +7(727)2915190, тел. +7(727)2915290.

 

Толығырақ: 2016 ж. 24-25 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және Қазақстан Республикасының...