Тілдер

Тілді таңдаңыз:

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Фотогалерея

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯСЫ»

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК

 

     Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы (ҚР ҰИА) – Қазақстандағы ғылыми-инженерлік қызметті үйлестіруші және дамытушы ірі және беделді бірлестік. Академияның биік әлеуетінің негізі – оның құрамына енетін еліміздің жетекші ғалымдары мен инженерлері, өндіріс мамандары, мемлекет қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті басқару органдарының, жоғары оқу орындарының, салалық ғылыми-зерттеу институттарының, өндірістік бірлестіктердің, кәсіпорындар мен экономиканың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының басшылары.

     Ресейдің, АҚШ-тың, Еуроодақ елдерінің, Пәкістанның, Малайзияның, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның және әлемнің басқа да елдерінің көрнекті ғалымдары мен инженерлері ҚР ҰИА-ның құрметті академиктері, сыйлықтары мен марапаттарының лауреаттары болып табылады. Академияға 150-ге жуық ғылыми-зерттеу институттар, ЖОО-ы, акционерлік қоғамдар, компаниялар, өнеркәсіп орындары мен ұйымдары бастамашыл мүшенің құқығымен енген.

     Академияның құрылымында аймақтық жетекші университеттердің базаларында ұйымдастырылған 13 облыстық филиал, ірі өнеркәсіп орындарымен өзара тығыз әрекет ететін 35 ғылыми-техникалық және инженерлік орталық жұмыс жасайды.

     Академияның 10 салалық бөлімшелері еліміздің экономикасын дамытудың барлық басым бағыттарын қамтып отыр. Олар: сәулет өнері, құрылыс және құрылыс  материалдары, есептеу және ақпараттық технологиялар, геология мен тау-кен металлургиялық өндірісі, агроөнеркәсіп кешенінің инженериясы, машина жасау, ғарыштық техника мен технологиялары, мұнай-химия технологиялары, тағам өнеркәсібі, халық тұтынатын тауарлар, көлік және коммуникациялар, экология, экономика, энергетика мен энергия үнемдеу технологиясы.

     Академия 1991 жылы қарашада КСРО Инженерлік академиясының Қазақ бөлімшесі ретінде құрылған, ал Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған соң Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы болып қайта құрылды. Академияны құрудың басында республиканың экономикасына, білімі мен ғылымына үлкен үлес қосқан қазақстандық ғылым мен инженерлік саланың көрнекті ғалымдары тұрды. Алғашқы бастамашылардың қатарында А. А. Абдуллин, К. М. Аухадиев, С. М. Байболов, У. Б. Баймұратов, Ш. Х. Бекболатов, Г. Р. Бекжанов, А. В. Болотов, Ф. Х. Галимов, Ө. А. Жолдасбеков, А. Ч. Жомартов, Б. Т. Жұмагұлов, Т. Ж. Жүнісов, Х. Р. Қазыханов, У. К. Қараманов, С. М. Қожахметов, А. А. Құлыбаев, Н. К. Нәдіров, Б. Г. Нұржанов, М. Е. Нұрымов, Б. П. Пәрімбетов, И. Р. Полывянный, О. С. Сәбденов, Л. А. Сқақов, С. Т. Тәкежанов, Я. С. Тілеулесов, М. Ф. Үркімбаев болды.

     Академияның президенті қазақстандық ғалым-математик, мемлекет қайраткері, академик Б. Т. Жұмағұлов болып табылады.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының қызметі іргелі және қолданбалы ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жүйелі түрде жеңуге, ғылымды шынайы өндірістік күшке, еліміздің технологиялық күшін дамытуға арналған инновациялардың басты көзіне айналдыру, зияткерлік капиталды тиімді молайтуға, Қазақстан экономикасына ғылымды қатарластыруға бағытталған. Академияның басты міндеті - ел Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған ғаламат ауқымды «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға отандық ғылымды үдете және тиімді қатыстыруды қамтамасыз ету болып табылады.

     ҚР ҰИА ғалымдары мен мамандары соңғы жылдары маңызды іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 100-ден астам жобаларды орындады. Олардың бір бөлігі өндіріске енгізіліп те үлгерді, мысалға, Қазақстан кен орындарындағы қиын өңделетін сульфидті кенінен алтын алудың жаңа экологиялық таза технологиясы. Титанның дақты диоксидін және титан концентратын алудың технологиялары жасалды; қиын өңделетін сульфидті кендерден сирек кездесетін металлдарды реагентсіз алу, ауыр, сирек, радиоактивті металлдарды алу және концентрациялау үшін микросфер негізінде сорбент құру технологиялары әзірленуде.

     ҚР ҰИА ғалымдары заманауи ақпараттық технологиялар саласында CUDA-технологиялары мен GPU-процессорларын қолдану арқылы суперкомпьютерлік гибридті кластер құру технологияларын пайдалана отырып, имитациялық үлгілеудің жоғары өндірістік жүйесін құру бойынша зерттемелер орындады, ал бұл жаңа алгоритмге, геотехнологиялар мен ел экономикасының басқа да салаларындағы технологиялық мәселелер мен ресурсты қажет ететін 3D міндеттерді шешуді ондаған есеге жылдамдатуға мүмкіндік береді.

     Академия Дүниежүзілік банкпен бірлескен инновациялық қызметті ынталандырудың жаңа тиімді әдістерін, бәсекеге қабілетті инновациялық өндірісте ғылымды қажет ететін, экологиялық таза технологияларды енгізуді құру бойынша «Технологияларды коммерциялау» жобасына қатысуда. Академия өндіріспен байланысты нығайту үшін технологиялар трансферті бойынша тиімді ғылыми-технологиялық консалтингтік мақсатта, халықаралық ғылыми-зерттеу және білім беру орталығы – «Еуропалық-Қазақстандық инженерлік орталық» – «ЕҚИО» құрды.