Тілдер

Тілді таңдаңыз:

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Фотогалерея

БАСЫЛЫМ

 

     «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының Хабаршысы»  журналы 1997 жылдан бастап және  әр тоқсан сайын жылына  4 рет шығады.

     «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының Хабаршысы»  журналы ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің төрағасының №1082 10.07.2012 ж. бұйрығымен комитет ұсынған:

  • физика-математика ғылымдары;
  • химия ғылымдары;
  • жер туралы ғылымдар және география ғылымдары;
  • технология және техника ғылымдары;
  • экономика мамандықтары бойынша негізгі ғылыми нәтижелер жарияланатын басылымдар тізбесіне енген.

     «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының Хабаршысы»  журналының шығу мақсаты – ғылыми редакциялау және маңызды зерттеулердің нәтижелері және Қазақстан мен шетелдік ғалымдардың зерттемелерінің, ғылым мен техниканың басты бағыттары бойынша ғылыми жарияланымдардың талдау мен құрылымын қосатын, ғалымдардың ғылыми жетістіктерін таныту.

     «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының Хабаршысы»  журналының нормативтік құжаты 2004 ж. 22 ақпанда берілген, N4636-Ж тіркеуге қойылғаны туралы Куәлік болып табылады. ҚР Ақпарат Министрлігі. Нөмірі және алғашқы тіркеуге қойылған күні 14.11.1996 ж. N287. Журналдың Бас редакторы – академик Б.Т.Жұмағұлов, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті.

     Редакция алқасының мүшелері Қазақстан ғалымдарының ғана емес, сондай-ақ Ресей, Белоруссия, Украина, Әзірбайжан, Тәжікстан, Сербия ж.т.б. елдердің ғылыми зерттеулері мен зерттемелерінің материалдарының нәтижелерін журналда жариялау үшін сараптамалық бағалайтын, талдайтын, сараптайтын, іріктейтін және құрайтын, Қазақстан ғылымының үздік ғалымдары мен ұйымдастырушылары және алыс-жақын шетелдердегі ғалымдар болып табылады.

     Сонымен қатар, журнал Жалпы жиналыстардың жүргізілген жұмыстарын, Президиум мәжілістерін, халықаралық конгресстерді конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, іргелі және қолданбалы ғылымдардың әртүрлі бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерінің жай-күйін ағарта отырып, ұзақ жылдар бойы ҚР Ұлттық инженерлік академиясының өзіндік жылнамасын жүргізіп келеді.

     Журнал реферат деректердің ғылыми INSPEC деректері бойынша халықаралық ағылшын тілді базасына енген.

     Жазылу индексі: жеке тұлғалар үшін – 75188, заңды тұлғалар үшін  - 25188.

 

АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕ

І. Мақалалар мәтін нұсқасында мына тілдерде терілуі керек: қазақша, орысша немесе ағылшынша.

ІІ. Мақаланың мәтін нұсқасына (1 дана):

  • рецензия;
  • жұмыс орындалған мекемеден берілген сараптамалық тұжырым;
  • жеке парақта үш тілде  жазылған қазақша, орысша және ағылшынша  5-7 сөйлемнен кем емес, кілт сөздерден (5-7 сөз) тұратын түйіндеме;
  • кілт сөздер (5-6 сөз), үш тілде қазақша, орысша және ағылшынша;
  • мақаланың, түйіндеменің және кілт сөздердің электронды нұсқасы;
  • автор туралы толық мәлімет: аты-жөні, тегі (толық жазу керек), ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, байланыс үшін телефондары;

ІІІ. Мақаланың жоғары бөлігінде оң жағында  УДК индексі көрсетіледі, ортасына кіші әріптермен жартылай боялған шрифтпен аты-жөні, тегі жазылады; келесі жолда ортада бас әріптермен жартылай боялған шрифтпен  тасымалданбай мақаланың аты басылады.

IV. Мақала көлемі –А4 форматында 8 беттен аспау керек. Мақала 1,5 интервал аралықпен, шрифт өлшемі - №14, Times New Roman, түзеу – ені бойынша, қызыл жол - 0,63  см. Мәтінде сөйлемді қолмен тасымалдауға болмайды.  Аумағы: жоғарғы, төменгі, оң және сол жағы - 2,5 см. Мақала беттері нөмірленбейді. Қолжазбада УДК индексі болуы керек.

V. Қолжазба соңында 7.1-2003 ГОСТ бойынша орындалған әдебиеттер тізімі келтіріледі, мәтінде сілтеме нөмірлері дәйектеліп көрсетілуі тиіс. Кестелер мен графикалық мәліметтер мақала мәтіні бойынша орналасады. Суреттер векторлық кескіндемемен: cdr, pdf форматында орындалады.

IV. Журнал редакциясына берілген мақалалар авторларға қайтарылмайды.

 

 «Мұнай және газ» журналында

ғылыми-техникалық мақалаларды жариялау үшін

АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕ

І. Мақала мазмұны журналдың тақырыптық бағытына және ғылыми деңгейіне сай болуы керек, айқын жаңалықтарымен кең ауқымды оқырман қауымының қызығушылығын танытуы қажет.

ІІ. Қолжазба редакцияға екі данамен табыс етіледі. Қолжазбаны Word форматында, Times New Roman 12 пт қарібімен, бір интервал аралығында; аумағы – жоғары және төменгі 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы -1,5 см, енімен түзеу керек, электронды түрде болуы керек. Мәтінде қолмен тасымал жасауға болмайды. Қолжазбада УДК болуы қажет.

ІІІ. Мақалада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме жазылуы қажет. Түйіндеме қысқаша түрде, жинақы және зерттеулер нәтижесін көрсететін болуы керек.

ІV. Қолжазбада беттер, суреттер мен кестелер нөмірленген болуы керек. Мәтіндегі кестеде немесе қосымшасында оның атауы берілуі керек, әр кестеге мәтінде сілтеме жасалады. Электронды түрдегі кестелер жеке файлдарда жинақталуы қажет. Сурет сипаттамалардың рет саны және атауы көрсетіліп, жеке парақта беріледі, электронды түрі бар болған жағдайда – жеке файлда. Әрбір суретке мәтінде сілтеме болуы керек. Математикалық формулаларды, кестелерді, диаграммаларды, блок-схемаларды дайындау барысында №8 қаріптен кішісін қолдануға болмайды және «белгі» аспабының көмегімен теру қажет.

V. Мақала авторлары редакцияға JPG форматындағы, электронды түрде, 300 dpi-дан кем емес мүмкіндігі бар, кәсіби сурет студиясында жасалған өзінің сапалы түрлі-түсті көркемсуретін беруі керек.

VI. Әдебиеттер тізімі қолжазба соңында библиографиялық сипаттаманың  қабылданған стандартына сәйкес мәтінде еске салу тәртібімен келтіріледі. Мақалада келтірілген сілтемелер көзі: монография үшін тегі, аты-жөні, атауы, басылып шыққан жері және жылы көрсетіліп; мақалалар үшін тегі, аты-жөні, мақала атауы, журналдың атауы,  жылы, нөмірі, беттері беріледі.

VII. Қолжазбада  мақала авторы(лары)  туралы мәліметтер қазақ немесе орыс тілінде көрсетілген аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі және атағы, байланыс телефоны, сондай-ақ  автордың қалауымен басқа да мәліметтер беріледі.

VIII. Журналға жазылуды «Қазпочта»  АҚ, «Еуразия пресс» ЖШС Агенттігі, «Эврика-пресс», «Орал-Пресс», «Қазпресс» байланыс бөлімшелерінде рәсімдеуге болады. Жазылу индексі: 75602. Жазылу жыл бойына жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

Мақала жариялау сұрақтары бойынша:

ҚР ҰИА Хабаршысы – тел: 8-727-2915290, 2911793 немесе e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

Мұнай және газ – тел: 8-7272917-7364, 2938041 немесе e-mail:   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.