Тілдер

Тілді таңдаңыз:

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Фотогалерея

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

 

     Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының ең басты мақсаттарының бірі - ҚР ҰИА Жарғысына сәйкес «ғылыми-техникалық прогрессті барынша өркендетуге үлес қосу, өте маңызды және болашағы зор ғылыми зерттеулерді, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жасау» болып табылады. Ғылыми-техникалық бағдарламаларды және жобаларды орындауда ҚҰ ҰИА-ның шетелдермен байланыс және Ғылыми-техникалық бағдарламалар Департаменті реттеуші орган болып табылады.

     ҚР ҰИА-сы қолданбалы ғылыми зерттеулердің жасалуына және орындалуына және де ҚР-ның ғылыми-технологиялық дамуының басты бағыттарының құрылуына белсенді түрде араласады; мемлекет есебінен қаржыландырылатын қолданбалы ғылыми-техникалық және мемлекеттік тапсырыс бойынша инновациялық бағдарламалар мен жобалардың құрылуына, орындалуына және іске асыру барысындағы жұмыстарға қатысады.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының мүшелері  БҰТК ҚР Үкіметі жанындағы жұмыс тобының құрамына кіреді, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік тапсырыс бойынша жобаларын орындаудағы есеп беру материалдарын және іргелі және қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулерде конкурс бойынша ғылыми-техникалық жобаларға сараптама жасайды.

     ҚР Ұлттық инженерлік академиясы мен оның құрылымдық бөлімшелері ҚР БҒМ ғылым Комитетінің, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ғылым Қорының іргелі және қолданбалы жобасы бойынша ғылыми зерттеулерінің және мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалардың іске асуына ат салысады.

     Академия құрамына жоғары дәрежедегі ғалымдар мен мамандар, министрліктер, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары саласының басшылары, ведомство басшылары, экономика секторындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің маңызды әлеуеті топтастырылған.

     ҚР Ұлттық инженерлік академиясының мүшелері Экология және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі, Энергетика және минералды ресурстар Министрлігі, инновациялық және инвестициялық қорлардың және т.б. әкімшілері болып табылатын республикалық, мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың іске асуына атсалысады.

     ҚР ҰИА 1993 жылдан бастап мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың жасалуы және орындалуына белсене араласады.

     ҚР ҰИА 10 жыл бойы ҚР ғылым Министрлігі жанындағы машина жасау, энергетика, құрылыс, көлік және коммуникация дамытуды мәселелері бойынша Салааралық ғылыми-техникалық кеңестің жұмыс мүшесі болды.

     ХҒТБ қызметі реформаның ең ауыр шақтарында ғылыми және инженерлік кадрдың негіздік әлеуметінің сақталуында, жетекші ҒЗИ және Қазақстанның ғылыми ұйымдарында үлкен рөл атқарды.

     ҚР ҰИА-сы «Көмірсутекті және тау-кен-металлургиялық секторлардың және олармен байланысты қызмет көрсету салаларының 2008-2010 жж.-ға арналған жаңа технологиялары» және «ҚР жаңарған энергетиканың 2008-2010 жж.-ға дамуы»  атты бағдарламалардың жасалуына қатысты.

     Бүгінгі күнде «Қазақстан Алтыны 2011-2013 жж.»  атты Республикалық бағдарламаны жасауға қатысуда.

     2002-2011 жылдар аралығында ҚР Ұлттық инженерлік академиясында іргелі, қолданбалы ізденістер және тәуекелдер ғылыми-зерттеулері  бойынша 32 жоба орындалды.

     Қазіргі уақытта іргелі зерттеу бағдарламасы бойынша 3 ғылыми-техникалық жоба – 1) «Наноэлектрониканы пайдаланудағы гидрофильді полимердің құрылуы және қызметінің ғылыми негізін жасау» жобасы;  

 2) «Қазақстан Республикасындағы наноғылымның және нанотехнологияның дамуы» 2010-2012 жж. тақырып бойынша: «Шалаөткізгіштік электроникасының наноэлектроникамен, спинтроникамен және сенсорикамен қабысуын қамтамасыз ететін, буданды жүйені және гидрофильді негіздегі наноматериалдарды алу технологиясын жасау және жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша; 3) және де Ғылым қоры бойынша  «Тәжірибелі-өндірістік үлгідегі вибросерпімді әрекет ететін құрылымды-автоматты (бұрғылау роботы) айнымалы құрылымның тұтқа тетіктерінің базасында тау-кен-металлургия саласына арналған зерттеме жасау, жобалау және сынау» жобасы орындалуда.

     Ғылыми-техникалық жобаны (орындаушы-ұйымдастырушы ҚР ҰИА болып табылатын) орындау қорытындысы бойынша  тек 2006-2011 жж.  218  еңбек  жарияланды (солардың ішінде 47-сі халықаралық басылымдарда), сонымен қатар 6 монография, 75 ғылыми мақалалар, 99 баяндама халықаралық және республикалық ғылыми, ғылыми-техникалық және методикалық конференцияларда ұсынылды. Қазақстан Республикасының 22 патенті қабылданды (олардың 4-і инновациялық), 2 өтініш берілді.

 

КАДРЛАР ДАЯРЛАУ

     Ұлттық инженерлік академияның мүшелерімен жоғары кәсіби инженерлік кадрларды және жоғары санатты кадрларды дайындау барысында ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Академияның көптеген мүшелері жоғары оқу орындарын басқарады, университет, колледждерде дәріс береді, ғылым кандидаты немесе докторы, PhD дәрежесіне үміткерлердің жұмыстарын қарайтын Оқу кеңесінің құрамында, ҚР БҒМ Жоғарғы аттестациялық комитет құрамына енген.

 

ҚР ҒИА КОНКУРСЫ

     ҚР ҒИА ақиқат мүшелерінің және мүше-тілшілердің бос орындарға вакансия бойынша қабылдау конкурсы жыл сайын жүргізіледі.