Тілдер

Тілді таңдаңыз:

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Фотогалерея

     Академия Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарында ғылыми-технологиялық прогрессті дамытуға және жеделдетуге толық ықпал етеді, маңызды және болашағы бар қолданбалы ғылыми зерттеулерді, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық зерттемелерді ұйымдастырады, үйлестіреді және өткізеді, ғылымның өндіріспен байланысының нығаюына, республикамыздың және шетелдердің инженерлік корпусын кәсіби топтастыруға толықтай ықпал жасайды. ҚР ҰИА сондай-ақ жоғары инженерлік білімді жетілдіруге және бірыңғай ғылыми-өндірістік цикл құруға: «ғылыми зерттеулерді өткізу – жаңаша технологияларды жасау – жоғары білікті инженер кадрларды даярлау – ғылымды қажет ететін импорт алмастыра алатын технологиялар мен техникаларды өнеркәсіптік игеру» және соған сәйкес технологиялық инфрақұрылымды құруға әрекет етеді.

     ҚР ҰИА өз қызметінде Қазақстан экономикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуын қамтамасыз ететін зерттеулердің маңызды ғылыми бағыттарын іске асыруда:  

  • Энергетика және энергия үнемдеу технологиясы.
  • Мұнай, мұнай-газ технологиясы.
  • Химия және химия технологиясы.
  • Материалтану және жаңа материалдар технологиясы.
  • Механика және машина жасау.
  • Есептеу және ақпараттық технологиялар.
  • Сәулет, құрылыс және құрылыс материалдары.
  • Тау-кен ісі және металлургия.
  • Геология және табиғи ресурстарды қорғау.
  • Агроөнеркәсіп кешендері инженериясы.
  • Көлік және коммуникация.
  • Жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы.
  • Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері.
  • Экономика.

     ҚР ҰИА 24 жыл ішіндегі қызметінде Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық прогрессін дамытуға ықпал етуге және инженерлік корпусын біріктіруге бағытталған, 200-ден астам ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды.  

     Толығырақ: Ғылыми жетістіктер....