Тілдер

Тілді таңдаңыз:

Күнтізбе

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Фотогалерея

 

ҚР Ұлттық инженерлік академиясы

Халықаралық инженерлік академия

Қазақстан ЖОО Ассоциациясы

Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы

ҚР Ұлттық Жобалаушылар Ассоциациясы

«KAZGOR» жобалық академиясы

Алматыгипрогор-1

Қазақ сәулет және құрылыс ғылыми-зерттеу институты

«ҚазСҚҒЗИ» АҚ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 


 

 

 

Академик Күлібаев Асқар Алтынбекұлының

80-жасқа толуына арналған

«XXI ғасырдағы жаңа құрылыс трендтері»

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

26 маусым – 1 шілде 2017 жыл,

Алматы қ., Қазақстан Республикасы

 

Құрметті достар мен әріптестер!

Сіздерді техника ғылымдарының докторы, профессор, ХИА және ҚР ҰИА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «АКА групп» президенті, «Мұнайшы» Қорының қамқорлық кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Бейбітшілік және келісім қорының президенті Академик Күлібаев Асқар Алтынбекұлының 80-жасқа толуына арналған «XXI ғасырдағы жаңа құрылыс трендтері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның негізгі мақсаты құрылыс кешенінің өзекті мәселелерін жан-жақты талдау үшін диалогтік алаң құру, ХХІ ғасырдың инновациялық технологияларын одан әрі дамыту мен меңгеру болып табылады.

Конференцияға Еуропалық Одақтан, Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан, Өзбекстаннан, Әзірбайжаннан, Қырғызстаннан және басқа елдерден белгілі ғалымдар, мемлекеттік органдар өкілдері, кәсіпкерлік секторлар мен қоғамдық ұйымдар қатысады деп күтіледі.

Талқылау мәні құрылыс кешендерін дамыту, жаңа буындағы мамандарды дайындау, ғылыми зерттеулердің перспективтік бағыты мен сәулет, жобалау, құрылыс, инженерлік сеймология мен құрылыс индустриясы саласындағы инновациялық технологияларды жылжыту мәселелері болады.

Конференция аясында академик А.А. Күлібаевтың шығармашылық қызметіне арналған көрме өтеді.

Конференция нәтижесі бойынша конференция жинағы шығарылады. Барынша қызықты мақалалар мен пленарлық баяндамалар «ҚР ҰИА Хабаршысы» журналының арнайы шығарылымына кіреді.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ:

1. «Ғимараттарды жобалау мен салу: нормативтік талаптар мен инновациялық кемшілік технологиясы»;

2. «Сейсмикалық төзімді құрылыс пен инженерлік сейсмология» секциясы;

3. «Сәулет және қала құрылысы саласындағы инновация, проблемалар мен перспективасы» секциясы;

4. «Сәулет-құрылыс білімі» секциясы.

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТІЛІ: қазақ, орыс, ағылшын

 

ТЕЗИСТЕРДІ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Тезистер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жазылуы тиіс.

Материалдарды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  электрондық поштасы бойынша салынған файлмен ұйымдастырушы комитеттің мекен-жайына жіберу керек.

Тезис көлемі әдебиеттер тізімін қоса алғанда, А4 форматта (кітап форматында) шамамен 5 бет, Times New Roman, KZ Times New Roman (12 pt)қарпіменMS Word (2003, 2007) редакторында, қашықтығы – біртекті, алаңы: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы- 1,5 см, жолдың ені бойынша тура болуы тиіс.

Азат жол – бос жер сол жақтан 1 см.

Ортасы бойынша бірінші жолда – тезистің атауы үлкен әріптермен, қалың қаріппен.

Оң жағынан бір аралықтан кейін жай қаріппен – автордың аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ұйымның орналасқан жері көрсетілген жұмыс орны (қала, ел).

Негізгі мәтін 2 аралықтан кейін азат жолдан бастап мәтіндегі дереккөздерге сілтемелер шаршылы жақшамен ресімделеді.

Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңына орналастырылады және редакцияда дереккөздерді еске түсіру тәртібімен жасалады: авторлардың аты-жөні, жарияланым жылы, жарияланымның атауы, журналдың қысқарған атауы, көлемі мен бет саны.

Ұйымдастыру комитеті көзделген талаптар бұзушылығымен ресімделген конференцияның жұмыс бағытына сай келмейтін немесе 2017 жылдың 20 маусымынан кейін алынған тезистерді қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТУ ОРНЫ:

 

- пленарлық отырыс – Ғалымдар үйі, Алматы қ., Құрманғазык-сі, 29;

- «Ғимараттарды жобалау мен салу: нормативтік талаптар мен инновациялық кемшілік технологиясы» секциясы – Алматы қ., Абылай хан д-лы, 81, «KAZGOR» жобалау академиясының ғимараты, каминдік зал. Секция төрағасы – А.Ш. Татыгулов, жауапты хатшы – А.Б. Конусбаев;

- «Сейсмикалық төзімді құрылыс пен инженерлік сейсмология» секциясы – Алматы қ., 3-ші ықшам аудан, 45/1-үй, «ҚазСҚҒЗИ» АҚ бас корпусы, Секция төрағасы – Н.Т. Уранхаев, жауапты хатшы – С.Е. Ержанов;

- «Сәулет-құрылыс білімі» секциясы – Алматы қ., Торайғыров к-сі, 28, БҒМ ҚазМСҚА, Ғалымдар кеңесі залы. Секция төрағасы – А.А. Кусаинов, жауапты хатшы – Е.Т. Бесимбаев;

- «Сәулет және қала құрылысы саласындағы инновация, проблемалар мен перспективасы» секциясы – Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22а, Қ.И. Сәтбаев ат. Құрылыс және сәулет институты ҚазҰИТУ, Секция төрағасы – А.Ж. Абилов, жауапты хатшы – Е.С. Орынбеков.

 

ҚАТЫСУ ТҮРЛЕРІ:

  1. 1.Пленарлық немесе секциялық отырыстарға баяндама.
  2. 2.Стенділік баяндама.

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына 2017 ж. 31 науырына дейін электронды поштамен толтырылған тіркелген нысанды жіберуі тиіс (1-қосымша).

Халықаралық конференцияның жинағына жариялау үшін материалдарды беру мерзімі – 2017 ж. 15 маусымға дейін.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 80, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы.

Байланысушы тұлға:

Ұйымдастыру комитетінің хатшысы Де Ирина Михайловна,

тел: +7 727 2453235, +77017560276, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

ҚР ҰИА хатшысы,  +77272915290, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады.

Халықаралық конференцияға қатысушыларға жариялау үшін қабылданатын материалдар 2017 ж. 31 наурыздан кейін конференцияның алдын-ала бағдарламасымен «Екінші ақпараттық хат» жолданады.


СКАЧАТЬ ФОРМУ РЕГИСТРАЦИИ