ПРЕСС-РЕЛИЗ 23-02-2018

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы Жалпы жиналысының Сессиясы өтеді.
Қазан 25, 2017
Жібек жолын жаңғырту қадамы
Шілде 20, 2018
Show all

ПРЕСС-РЕЛИЗ 23-02-2018

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы

Төралқасының кеңейтілген отырысы

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

2018 жылы 23 ақпанда Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қойылған мәселелерді талқылауға және оларды іске асыру келешегіне  арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы Төралқасының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыста Академияның президенті – академик Бақытжан Жұмағұлов баяндама жасады. Ол Жолдау – инновациялық-технологиялық дамытудағы, технологиялық тәртіпті түбегейлі жетілдірудегі, еліміздің барлық салаларындағы жаңа тиімді технологияларға бизнестің және қоғамның сұранысын ынталандырудағы жүйелік серпін деп атап айтты. Бұл заманауи технологиялардың кең ауқымды трансфертіне, олардың жергілікті жағдайларға бейімделуіне, осы аспектіде отандық ғылым мен инженерлік қызметтің  жаңа рөлді алуына жаңа күш береді.

Ол үшін елімізде барлық алғышарттар бар. Қазақстан ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін сәтті өткізді. Көрменің арқасында бүгінде «Astana Hub» құрылды. Бұл – бүкіл әлем бойынша инновациялық идеялардың ағыны үшін құрылған жаһандық ашық алаң. Ол жаңа технологияларды, стартап-компанияларды құру және оларды өндіріске енгізу – инновацияларының цикліне идеяларды жинауды, оларды ой-талқыға салуды, жылжытуды қамтуы тиіс.

ҚР Ұлттық инженерлік академиясы беделді бірлестік ретінде ғылым мен өндірісті жақындастыру және өзара тиімді іс-әрекет ету көпірі бола алады. Академияның бұл жұмысын орындау үшін кезекті институционалдық қадамдар жасалды: білікті инженерлік кадрларды даярлау мақсатында Коммерцияландыру кеңсесі, Халықаралық тәуелсіз біліктілікті бекіту орталығы (ХТББО) құрылды, бірқатар инфрақұрылымдық шаралар және т.б. іске асырылды.

Сондай-ақ, отырыста академиктер А.Құлыбаев, Н.Нәдіров, Р.Алшанов, А.Болотов, Б.Өжкенов және т.б. сөз сөйледі. Олар инновациялық жобалар мен инвестициялық қорларды  іс жүзіне асыруда жүйелік талдау мен әзірлеу шаралары үшін олардың портфельдік деректер базасын құруды ұсынды. ХТББО жұмысы бойынша Академия филиалдарының төрағалары болып табылатын жоғары оқу орындарының ректорлары, жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру үшін олардың біліктілігін растау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесін және Қазақстанның еңбек нарығын практикалық жетілдіру сияқты маңызды ұстанымы болатын Академия жұмысының осы бағытын қолдады. Сөз сөйлеушілер орталық пен Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тығыз байланысын анықтауға және әлемдік тәжірибені зерделеуге, сертификаттауға жататын мамандықтардың тізбесін айқындау бойынша ұсыныстар жасады.

Отырыс соңында Елбасы Жолдауының тапсырмаларына сәйкес Академия, Коммерциялизациялау кеңсесі, ХТББО жұмыстарының перспективалық Жоспары бекітілді.

Отырыстың соңында ҚР ҰИА жаңа сайланған толық мүшелеріне және корреспондент мүшелеріне дипломдар берілді.

ҚР ҰИА баспасөз орталығы

Тел. +7(727)2915290, +7(727)2917082

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған