Толығырақ: Ғылыми жетістіктер

Пресс-релиз ҚР ҰИА
25 июня, 2015
Бразилия ЭКСПО-2017-ға өз қатысуын ресми нақтылаған 99 ел болды
16 октября, 2016
Пресс-релиз ҚР ҰИА
25 июня, 2015
Бразилия ЭКСПО-2017-ға өз қатысуын ресми нақтылаған 99 ел болды
16 октября, 2016

Толығырақ: Ғылыми жетістіктер

ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫНДА

Тау-кен-металлургия саласында ірі жетістіктерге қол жеткізілді, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу саласындағы инновациялық технологияларға көшудің технологиясын құру міндеттері шешілуде.

ҚР Ұлттық инженерлік академиясының тау-кен-металлургия  бөлімінің ғалымдарымен 2014 жылы ашық тау-кен жұмыстарында тау массаларын контейнермен көтеруді қолданып тасымалдаудың энергия үнемдеу технологиясын жасау мен игеру бойынша зерттеулер аяқталды (Алтын-Тау, Юбилейное), «Ашық тау-кен жұмыстарында тау массаларын контейнермен көтеруді қолданып тасымалдаудың энергия үнемдеу технологиясын жасау мен игеру» жобасы, ғылыми жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі  М.Ж. Бітімбаев.

Аталған зерттеу негізінде карьерлер мен үйінділерде контейнерлік көтергіш-тиеу пункттерінің технологиялық сызбасы жасалды. Ерекше конструкциялы контейнермен кендерді көтергіш машиналарды қолдану арқылы жеткізіп үйінді жасауда үлестік шығындарды азайтады және сыртқы үйінді жасаудың ауданын қысқартады.

Шығынды оңтайландыру және өнімділікті арттыру саласында, баламасы жоқ, тамаша нәтижелер алынды, олар тәжірибелік-өнеркәсіптік сынамаға дейін жеткізілді.

Аталған технологияны қолдану нәтижесінде, алтын алу 81 пайыз, шығынды 30 пайызға дейін төмендету, еңбек өнімділігін 40 пайызға дейін арттыру қамтамасыз етілді.

 «Қазақалтын-ШҚО» АҚ кен орындарындағы алтын тасымалдау кенін үймелеп сілтілеуді қарқынды басқару техникасы инновациялық технологиясының тәжірибелік-өнеркәсіп сынамасын жасау бойынша жұмыстар аяқталды.

  Бұл бағдарламаның ерекшелігі алтын сульфидтерін арнайы реагентпен тотықтырудың қолданыстағы технологиясынан айтарлықтай айырмашылығы бар, қатты сульфидті кендерден алтын алудың инновациялық технологиясы болып табылады.

     Алтынды үймелеп сілтілеу бүкіл дүниежүзінде кең көлемде қолданылады. Сонымен қатар, бұл технологияның бірқатар кемшіліктері бар: алтын алудың төмендігі, сілтілеу үрдісінің бағынбауы және әр қалыптасқан кен қадаларын сілтілеу циклының ұзақтығы. Біздің ғалымдарымызбен құрылған технология осы кемшіліктерді жойып, тұңғыш рет жасалған инновациялық технология болып табылады.

     Осы инновациялық технология, алдын-ала есептеулер бойынша, алтын алуды 81% деңгейіне, құрылысқа кететін күрделі шығынды 25-30%-ға азайтып, металл концентратын алуға кететін эксплуатациялық шығынды 20-30%-ға төмендетіп, кен байытуда еңбек өнімділігін 15-40%-ға көтереді.

      

     ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫНДА

     Біздің ғалымдарымыздың қызықты ғылыми-инженерлік шешімдерінің бірі — төзімділік қабілеті мен беріктіктігін бірге жоғарылата отырып қорғаныш кентіректерінің тұтастығын бұзбай ондағы мысты игерудің инновациялық технологиясын жасау болды. Оны енгізу шахтадағы кен қазбаларының төбесін ұстап тұру үшін қалдырылған кентіректердегі мысты жер асты жағдайларында жазатайым оқиғалардың алдын-алу үшін, олардың тұтастығын бұзбай, бір уақытта олардың төзімділік қабілеті мен беріктігін жоғарылата отырып, қазып алудың инновациялық технологиясын жасау мәселесін түбегейлі шешеді.

     Сондай-ақ, дақты титан диоксиді және титан концентратын алу;  отқа төзімді сульфидті кеннен сирек металдарды реагентсіз алу технологиялары орындалды, ауыр, сирек, радиоактивті металлдарды алу және шоғырландыру үшін микросфералар негізінде сорбенттерді құру технологиясы жасалуда.

     АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДА

     Академияның Есептеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің ғалымдары ХХІ ғасырдағы ең жедел дамыған, инновациялық басымдықтары нанотехнология болып табылатын осы салада табысты жұмыс жасады. Біздің зерттеушілеріміз «ҚР наноғылымның және нанотехнологияның дамуы» бағдарламасын аяқтады.

     Аталған тақырып наноэлектроникамен, спинтроникамен және сенсорикамен жартылай өткізгіш электрониканың түйісуін қамтамасыз ететін, гидрофильді полимерлер негізінде гибридті жүйелер мен наноматериалдарды алудың технологиясын жасау және іске асыруды қарастырады.

     ҚР ҰИА ғалымдары заманауи ақпараттық технология саласында CUDA-технологиялары мен GPU-процессорларын қолдану арқылы суперкомпьютерлік гибридті кластер құру технологияларын пайдалана отырып, имитациялық үлгілеудің жоғары өндірістік жүйесін құруды жасады, ал бұл жаңа алгоритмдер, геотехнологиялар және ел экономикасының басқа да салаларындағы технологиялық мәселелер мен ресурсты қажет ететін 3D міндеттерді шешуді ондаған есеге жылдамдатуға мүмкіндік береді, «CUDA технологияны қолдана отырып өнімділігі жоғары жүйелерді имитациялық үлгілеуді құрудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша, бағдарлама жетекшісі, академик

Н.Т. Данаев

     CUDA технологияны қолдана отырып осы бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді: CUDA технологияны қолдана отырып геотехнологияның ресурсты қажет ететін 3D міндеттерін шешудің алгоритмін жасауға, Web-гидродинамикалық симуляторын құру үшін параллель алгоритмдер жасауға, NVIDIA CUDA технологияларын қолдана отырып DDoS-шабуылдарының анықтау жүйесін құруға, гидродинамикада, ақпараттық коммуникацияда және т.б. шешуге мүмкіндік жасайды

     Нәтижесінде, біз Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, бүкіл дүниежүзінде ғылым деңгейін көтеруге және жаңа биіктерге жетуге мүмкіндік беретін, ауқымы үлкен қиын міндеттерді қысқа мерзімде шешуге мүмкіндігіміз бар,

     

     DDOS ШАБУЫЛДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СЫЗБАСЫ

     Біздің ғалымдарымыз әзірлеген «GPU-процессорларын қолдану арқылы суперкомпьютерлік гибридті кластер құру технологиясын жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша біздің ғалымдарымыз жасаған суперкомпьютерлер гибридті есептеу жүйесінің бірнеше түрлерін құруға және персоналды және кластерлі гибридті есептеу жүйелерін шығару бойынша тәжірибелі өндіріс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

     Бағдарлама жетекшісі  Д.Ш.Ахмедов, т.ғ.д, ҚР ҰИА корреспондент-мүшесі.     

     Сұйық суыту жүйесімен графикалық процессорлар базасында персоналды гибридтік есептеу жүйесі дайындалды

     Суперкомпьютерлер шетелден сатылып алынатын суперкомпьютерлерден арзан ғана емес, сонымен қатар, әлдеқайда қуатты. Бұл суперкомпьютерлердің өндіріс үнемділігі Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындарында, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық мекемелерде, өндіріс компанияларында өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарда пайдалануға мүмкіндік береді.

     Суперкомпьютерлер бірқатар салалардың жедел түрде дамуына күшті серпін бере алатындықтан, еліміздің аумағында стратегиялық маңызды зерттеме болып табылады.

     Суперкомпьютерлер мемлекетіміздің экономикасының инновациялық дамуындағы локомотиві болып табылады. Экономикалық қуат пен қолданыстағы суперкомпьютерлер саны арасында тікелей тәуелділік бар.

 Компонент Сипаттама/ мінездемесі
Жүйелік тақта Supermicro X9DRG-QF
Процессор Intel Xeon E5-2620, 2.0 ГГц
Кескіндемелік процессор Nvidia Tesla М2090
Жедел жады 4Gb DDR3 1333MHz
InfinBand желі адаптері Mellanox ConnectX-2 VPI adapter card

    Сұйық суыту жүйесімен GPU-процессорлары базасында ПГЕЖ қолдану аумағы

     Персоналды гибридті есептеуіш жүйелерге отандық мекемелер, компаниялар мен жоғары оқу орындары, өнімділігі жоғары ресурстарды қажет ететін ғылыми міндеттерді шешу үшін қызығушылық танытады.

     ІРІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР

     Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру көбірек мультипиликативтік әсер береді және экономика мен жұмыспен қамтудың өсуіне жағдай жасайды. Елбасы жариялаған Инфрақұрылымдық даму жоспары, әлемдік, сондай-ақ аймақтық экономиканың тұрақсыздығының нақты жауабына айналады.

     Академия Қазақстанның жаңа көлік стратегиясын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысады.

Қазақстанның геосаяси жағдайын ескере отырып, оның экономикасында көлік, коммуникация және логистикалық факторлар ерекше рөл атқарады.

     Еліміздің көлік саласының дамуына Көлік және коммуникация бөлімінің ғалымдары мен инженерлері өз үлестерін қосуда.

     Олар Елбасының Ұлытау тауының етегіндегі сұхбатында айтылған Арқалық-Шұбаркөл жаңа теміржол бағыты құрылысының жобасын жасауға, «Астана» теміржол торабын дамыту» жобасына, Батыс Қытай – Батыс Еуропа автодәлізін құруда және біздің байтақ еліміздің аумағында басқа да ірі көлік магистралдарын құруда белсене қатысты.

 

     Көлік және коммуникация бөлімі дәл қазіргі уақытта Қазақстандағы жаңа бағыттардың бірі – Зияткерлік көлік жүйесін – ЗКЖ құруда жұмыс жасауда.

     ЗКЖ – бұл көлік инфрақұрылымы, көлік құралдары мен қолданушылары бар, көлік үрдісінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, операторлардың, жүргізушілердің және көлік қолданушылардың ыңғайына бағытталған, автоматтандыру жүйелері мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жүйелік интерграциясы, 

     ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДА

    Энергетика және энергия үнемдеу технологиясы бөлімі «2011-2014 жж. арналған Қазақстан Республикасының экономикасының энергетикалық секторының дамуын ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету (жаңартылмалы қуат көздері, энергия үнемдеу)» бағдарламасын аяқтады, «Аралас жаңартылмалы энергетиканың технологиясын жасау және апробациялау» жобасын жүзеге асырды, ғылыми жетекшісі, академик Н.К. Надиров.

     Күн мен жел энергиясымен жұмыс жасайтын барлық маусымдық және автономдық гелиожылыжайлар негізінде аралас жаңартылмалы энергетиканың ерекше технологиясы осы бағдарламаның орындалу нәтижесіне айналды. Аталған зерттемелер ҚР патенттерімен қорғалған.

     Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін, әсіресе ауылдық аймақтарда, жыл бойына қажетті микроклиматты ұстап тұратын нысандар қажет. Өндіріс ғимараттарын энергиямен жабдықтаудың осындай режимін  жаңартылмалы және коммерциялық энергия тасымалдаушыларды аралас қолдану негізіндегі энергиямен жабдықтау жүйесі қамтамасыз ете алады.

    Бөлімде күн энергиясы, жел энергиясы, топырақ жылуы немесе жер асты сулары т.б. сияқты барынша пайдаланылатын жаңартылмалы энергия көздері бар, оның аралас (гибридті) электрмен жабдықтау жүйесін құру үшін принципиалды көзқарас дамыған, сондай-ақ, оңтайлы қатынастағы коммерциялық энергия тасымалдаушылар жұмыс істейтін, артық қуат көздерін пайдалануға мүмкіндік береді.

     «Термо-сезімтал полимерлер мен интерполимерлер негізінде жаңартылмалы қуат көздерінің жаңа түрлерін алу» жобасы бойынша, ғылыми жетекшісі, академик Г.А. Мун.

     Алғаш рет двигательдің жаңа түрі теңіз транспортына күннің тартылуымен, судың легі, кеме қозғалысын қамтитын, осмостық қысым арқылы пайда болатын, қызатын және салқындатылатын конструкцияның бөліктерінің температурасының айырмашылығына негізделген. Қызу күннің радицациясы арқылы қамтылады, ал судың салқындауы борт сыртындағы теңіз суының әсерінен, жұмыс тетігі болып, сонымен қатар, өзінен төмен молекулалы электролит көрсететін борт сыртындағы теңіз суы. Судың легі, төмен молекулалы иондарды құрайтын, біртекті қызған полимерлі сетканың спецификалық электрохимиялық құрамының әсерлесуінің нәтижесінде тұйықталмаған контурда пайда болады.

     Двигателінің ішкі күн панелінен күю негізінде және жаңа энергия көзі фазалық ауысу негізінде термосезімтал полимер ерітіндісі негізінде су скутері құрастырылып жасалған. Үлгі кез-келген екінші дәрежелі жылудың түрін жою үшін жаңа қуат көздерін пайдаланудың тиімділігін дәлелдеп, жүру сынағынан өтті.

  Кеме прототипін суға жіберу, сынақ бассейні.