Пресс-релиз БҚИСЖАӘ-2017

Пресс-релиз ҚР ҰИА
25 июня, 2015
Пресс-релиз ҚР ҰИА
25 июня, 2015

Пресс-релиз БҚИСЖАӘ-2017

2015 жылдың 23 қаңтарында Алматыда, Достық үйінде, Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы (ҚазҰЖҒА) және Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы (ҚР ҰИА) «Болашақ энергиясы: инновациялық сценарийлері мен оларды жүзеге асыру әдістері» Инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі Концепциясының («БҚИСЖАӘ-2017») жобасын талқылау бойынша кеңес өткізілді. Конгресті «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің ұйымдастырушылары қолдады және оның негізгі іс-шараларының тізіміне енгізілді. Көрсетілген академиялар Конгрестің басты ұйымдастырушылары ретінде айқындалды.

Конгрестің мақсаты – әлемнің жетекші ғалымдары мен инженерлері энергетикадағы маңызды жетістіктер мен үрдістерді, энергияны үнемдеу мен оны тиімді пайдалану – энергетика саласындағы инновациялық технологиялар мен техниканы жүзеге асыру сценарийінің дамуы және оның салдары ретінде, барлық әлемдегі елдердің экономикасының өсуі мен тұрақты дамуын талқынды.

Кеңеске ҚР-ның энергетика министрлігінің, ҚР-ның білім және ғылым миинистрлігінің, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басшылары мен өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттің ірі өнеркәсіп, энергетика, зерттеу және жобалау ұйымдары мен бірлестіктерінің басшылары, танымал ғалымдар мен инженерлер қатысты.

Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ЭКСПО-2017 «Болашақ қуаты» көрмесін Қазақстан үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологияларды алуға зор мүмкіндік деп атады. Оның аясында Дүниежүзілік Конгресті өткізу – үлкен абырой және үлкен жауапкершілік. Мұндай үлкен іс-шаралардың бірігуі бұрын соңды болмаған. Конргесс ЭКСПО-2017 Көрмесінің лайықты іс-шарасы болады, қазақстандық ғылым мен инженерлік ой-пікірі көрсетеді, зерттеу және жаңа энергетика саласындағы әзірленімдердің деңгейінің өсуіне, әлемдік тәжіребиедегі ең үдемелі технологияларды игеруге, халықаралық байланыстардың және қазақстандық ғалымдар мен инженерлерінің абыройының нығаюына серпін береді.

Кеңестің қорытындылары бойынша инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік Конгресі Концепциясының «БҚИСЖАӘ-2017» қорытынды редакциясын құру үшін ұсыныстар мен ұсынымдар жасап шығарылады.