ПРЕСС-РЕЛИЗ 23-02-2018
24 февраля, 2018ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ
19 сентября, 2018Жібек жолын жаңғырту қадамы
Астананың мерейтойы аясында Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының бастамасымен Жібек жолы бойында орналасқан 30-дан астам мемлекеттің ірі ғалымдары, белгілі инженерлері мен сарапшылары бас қосып, үлкен ғылыми шара өткізді. Былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жібек жолы» халықара лық ғылым академиясын құру жөнін дегі бастамасы жарияланғаны белгілі. Қазір төрткүл дүниенің назарында тұрған Жібек жолы бойындағы елдер дің экономикасын дамытуға үлес қосу Жібек жолы халықаралық ғылым академиясының құрылымын нығайтуға негізгі бағыт саналады. Сол секілді онда «Бір жол, бір белдеу» жаһандық жо баның сəтті жүзеге асуына себеп бола тын ғылыми-сараптамалық сүйемел деу мəселелері қарастырылды.
Алқалы жиын жұмысына Нобель сыйлығының лауреаттары Раджендра Пачаури, Рае Квон Чунг жəне «Жібек жолы» халықаралық ғылым академиясы Бас хатшысы, академик Цуй Вэйхун, Ирак Инженерлік академиясының президенті Ахмед Салман, Словения профессоры Игорь Эмри жəне əлемнің басқа да көрнекті ғалымдары қатысты. Ауқымды мəжілістің жұмысын аталған академияның бірінші вице-президенті Нұртай Əбіқаев ашты. Ұлттық инженерлік академияның президенті Бақытжан Жұмағұлов қазақстандық ғалымдар əзірлеген бағдарламалар мен жобалар туралы əңгімелеп, сонымен қатар Ұлы Жібек жолы елдері ғалымдары ынтымақтастығын дамыту бойынша нақты ұсыныстарын алға тартты. Соның ішінде «Жібек жолы» халықаралық ғылым академиясының жұмысын өрістету үшін Халықаралық инженерлік орталық құру қажеттігін еске салып «бұл орталық достас елдердің инженерлік қызметін, ізденісін қамтитын болады», деді. Осы бір жанды пікірді Беларусь, Қырғызстан, Пəкістан, Ирак, Словения инженерлік академияларының, Қазақстан-Еуропа инженерлік орталығының басшылары бірауыздан қолдады.
Жалпы, ғылыми шарада 150 баяндама талқыға түсті. Оның 45-сі қазірдің өзінде жүзеге асыруға толығымен дайын. Жиында ғалымдардың ой бай ламдарының қорытындысы ретінде үлкен тұжырымдамалық құ жат қабылданды. Онда ғылыми-инженерлік қоғамдастық «Бір белдеу, бір жол» атты жаһандық жоба экономиканың конфигурациясын өзгертетінін жəне əлемдік экономика мен саясатта жаңа қуатты «гравитациялық өрісті» құрайтынын, Ұлы Жібек жолының жаңғыруы əлемдік маңызы бар жаңа геосаяси ақиқат ретінде бағалануы керектігін атап көрсетті. Ең басты міндет, Жібек жолы бойы ел дерінің ғылыми-зерттеу жəне инженерлік қоғамдастықтарының тиімді халықаралық көп салалы кооперациясын қамтамасыз ететін идеялық платформаны талдай отырып іске асыру қажеттігіне баса назар аударылды.
Ғалымдар инфрақұрылымдық жобалар үшін рейтингілік бақылаумониторингілік жəне болжаулы-талдамалы жүйені əзірлеу мен құру Жібек жолының дамуына тиімді ықпалын тигізеді деп санайды. «Бір белдеу, бір жол» жобасын сүйемелдеу Ұлы Жібек жолы бойындағы елдер өндірген тауарларды тасымалдауды оңтайландырады деген сенімге де табан тірейді. Бұған қоса инженерлік қоғамдастық жаңартылатын көздерден үлкен көлемде электр энергиясын таратуға қабілетті Халықаралық энергетикалық желінің заманауи технологиялық негізінде құрылуын маңызды бағыт деп санайды. Бұл жоба Жібек жолының барлық инфрақұрылымын үздіксіз энергиямен қамтуға мүмкіндік береді.
Гүлбазар МЕДИЕВА,
Ұлттық инженерлік академияның бас ғылыми хатшысы, экономика ғылымдарының докторы