Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
9 октября, 2018Еңбегі еленген ғалым
24 сентября, 2019Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы (ҚР ҰИА) Төралқасының көшпелі мәжілісі
2018 жылы 22 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті, академик Б. Жұмағұловтың төрағалығымен Павлодар қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ағымдағы Жолдауын жүзеге асыру аясында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен Қазақстан халқының әл-ауқатын қамтамасыз ететін, «ғылым-кадрлар-өндіріс» атты үш бағытты тапсырмаға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы Төралқасының (ҚР ҰИА) көшпелі мәжілісі өткізіледі.
Мәжіліс жұмысына еліміздің танымал ғалымдары мен жетекші инженерлері: Т. Досмұхамбетов, Р. Алшанов, Н. Надиров, М. Бітімбаев, А. Даниленко, Б. Телтаев, Г. Медиева және т.б., Павлодар облысының әкімі — Ж. Бақауов, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары: «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті – А. Батраченко, Forwoll Group — Директорлар кеңесінің төрағасы В. Литуев, «Казэнергокабель» АҚ бас директоры – В. Бобров, «Павлодар мұнай химиялық зауыты» ЖШС — Д. Мұсаинов және т.б. қатысады.