Халықаралық инженерлік академияcы 2016-2020 жылдардың қорытындысын шығарды

Екінші халықаралық Жолдасбеков симпозиумының ашылу салтанаты
1 марта, 2021
Б.Жұмағұлов. Ұлтты сүю – ұлтшылдық емес
5 апреля, 2021
Екінші халықаралық Жолдасбеков симпозиумының ашылу салтанаты
1 марта, 2021
Б.Жұмағұлов. Ұлтты сүю – ұлтшылдық емес
5 апреля, 2021

Халықаралық инженерлік академияcы 2016-2020 жылдардың қорытындысын шығарды

2021 жылғы 18 наурызда Халықаралық Инженерлік академияның жалпы жиналысының Сессиясы өтті. Жиналыста академияның 2016-2021 жылдардағы ғылыми, инженерлік және инновациялық қызметінің қорытындылары талқыланды, сондай-ақ Халықаралық Инженерлік академияның Президентін, вице-президенттерін, Президенттер кеңесі Бюросының (Төралқасының) мүшелерін сайлау өтті.

Борис Владимирович Гусев

Халықаралық Инженерлік академияның президенті, академик Б. В. Гусев баяндама жасады.

Жиналысқа әлемнің 40 елінен 339 академик қатысты.

ХАА Президенті болып көрнекті ғалым, академик Борис Владимирович Гусев сайланды.

Халықаралық Инженерлік академияның бірінші вице-президенті болып ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының президенті, белгілі ғалым – математик, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері» Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов сайланды.

Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов

ҚР ҰИА баспасөз орталығы