Референдум қарсаңында сенаторлар ҚазИТУ-ға келді

ҚазҰУ Түлектер күнi
28 мая, 2022
Пресс-релиз «Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ
8 октября, 2022
ҚазҰУ Түлектер күнi
28 мая, 2022
Пресс-релиз «Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ
8 октября, 2022

Референдум қарсаңында сенаторлар ҚазИТУ-ға келді

ҚР Парламенті сенаторлары Алматыдағы жоғары оқу орындарының ұжымдарымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты 5 маусымда елімізде өтетін республикалық референдумды түсіндіру болды.

Бүкілхалықтық саяси науқан барысында сенаторлар Қазақстан инженерлік-технологиялық университетіне барды. Олардың қатарында депутаттар Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нүкетаева, Талғат Мұсабаев, Нұртөре Жүсіп, Сұлтанбек Мәкежанов және референдумды қолдау жөніндегі қалалық штаб басшысы Рахман Алшанов бар.


Кездесуді ашқан Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар Сәрсенбекова референдумның тарихи маңыздылығын атап өтіп, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстанның демократиялық даму жолының жарқын үлгісі болып табылатыны туралы пікір білдірді. Ол оқытушылармен және студенттермен кездесуге арнайы келген қонақтарға алғысын жеткізді.


«ҚазИТУ ұжымы демократиялық өзгерістерді және мемлекет басшысының республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдайды. Бұл азаматтардың демократиялық процестерге қатысуы мен жаңа Қазақстанды құруы үшін, әсіресе жас ұрпақ үшін нақты мүмкіндік. Референдумға келіп, өзгерістер мен елдің болашағы үшін дауыс беру қажет», — деп атап өтті ректор Гүлнар Әлібекқызы.


ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып, оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді. Олар сондай-ақ студенттерді маңызды саяси оқиғадан тыс қалмауға, референдумға келіп, дауыс беруге шақырды.


ҚазИТУ-ға сапары барысында сенаторлар ЖОО-ның жетістіктері мен қызмет бағыттарымен, оның техникалық және зертханалық базасымен танысты, сондай-ақ ұжымға еліміздің жаңа экономикасы үшін жоғары білікті мамандар даярлау ісінде табыс тіледі.

https://vecher.kz