ТҮРКІСТАНДА ЖЕТІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНГРЕСС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
27 сентября, 2023Қарашаңырақ
12 января, 2024Бүгін 2024 жылдың 10 қаңтары күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультетінде ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Ұлттық ғылым академиясының академигі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың төрағалығымен үлкен ғылыми іс-шара өтті. Бақытжан Тұрсынұлы 2000 жылға дейін Шалтай Смағұлұлымен бірге өткізіп келген «Тұтас орта механикасының шеттік есептері» аттығылыми семинардың жұмысын қайта жаңғыртты.
Бақытжан Тұрсынұлы кіріспе сөзінде «Өздеріңіз жақсы білесіздер Шалтай Смағұлұлы Қазақстанда Навье-Стокс теңдеулерін сандық шешумен айналысатын ғылыми мектеп жасап кетті. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуының арқасында қазір бұл есептермен бүгінгі таңда бүкіл әлем айналысуда.
Сондықтан осы қалалық ғылыми семинарды жандандырып қайтадан өткізуді жөн деп санадым. Заман талабына сай семинардың атын өзгерттік. Семинар енді «Қолданбалы және есептеу математикасының заманауи мәселелері» деп аталады. Еліміздің ғылым саласына жоғары білікті мамандар даярлайтын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті механика-математика факультетінің математик ғалымдар үшін орны ерекше, сондықтан семинар осында өтетін болады.» — деді.
Бұл ғылыми іс-шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биыл атап өтілетін мерей тойына арналады.
Ғылыми семинарға механика-математика факультетінің 90-нан астам профессорлары, қауымдастырылған профессорлары, оқытушылары, докторанттары қатысты.
Бүгін қалалық ғылыми семинардың алғашқы отырысында ф.-м.ғ.д., профессор Темірбеков Н.М. баяндама жасады. Баяндама тақырыбы «Түйіндес теңдеулер әдісімен экология және геология есептерін шешу».
Баяндамада түйіндес теңдеулер теориясын, вариациялық принциптерді қолдана отырып, Навье-Стокс теңдеулеріне арналған жалған аймақтар әдісін зерттеу нәтижелері баяндалады.
Қосарлану принципі ластаушы заттардың қоспаларын тасымалдау есебі үшін қолданылады және нәтижесінде өнеркәсіптік қалалар мен объектілердің атмосфералық ауасын бақылаудың автоматтандырылған жүйелерінің деректерін игеру әдісі жасалды. Жаңадан алынған теориялық ғылыми нәтижелер баяндамашы өз оқушыларымен жасаған ауаның сапасын саралауға арналған геоақпараттық жүйеде қолданылған. Автор ұсынған деректерді игеру әдісі атмосфералық ауаны бақылаудың автоматтандырылған жүйелерінің деректерінің көмегімен өндіріс орындарының ауаға тарататын зиянды заттарының концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді.
Түйіндес теңдеулер әдісімен бірінші типтегі Фредгольм интегралдық теңдеуімен сипатталатын потенциалдық өрістерді ауытқу массаларға қарай жалғастыру мәселесі шешіледі. Ұсынылған әдіс полиметал кен орындарының жер бетіндегі геологиялық деректерінің көмегімен терең қабаттардағы пайдалы қазбалардың көлемін анықтауға қолданылды.