«Астана ЭКСПО-2017» ҰК National Geographic-пен бірге арнайы жоба жүзеге асыруда
26 октября, 2016Пресс-релиз 13-12-2016
13 декабря, 2016Энергетика министрлігі Қоғамдық кеңесі Экология бойынша комиссияның атқарған жұмысы туралы баспасөз релизі
Отын-энергетика кешені және экология мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 18 қазанында Экология бойынша комиссия келесі сұрақтарды қарастырды.
1. «Каспий теңізі қазақстандық секторының экологиялық жай-күйін жақсарту және оған іргелес жатқан аумақтардың жағалауларын, учаскелерін қоса, халықарлық талаптарды ескере отырып, жер қойнауын және қоршаған ортаны, биологиялық ресурстарды қорғаудың мүдделерінің тартысы бар шаралар мен проблемалары.
Аталған сұрақ бойынша Экология бойынша комиссияның мүшесі Н.П. Огарьдың, тәуелсіз сарапшы, КСКМ экологі және теңізді зерттеудің ихтиологі А.И. Шустовтың, ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ж.Ш. Әлиевтің, ҚР ЭМ Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграциалық үдерістер департаменті директорының орынбасары Б.Д. Керейдің, «Қазгидромет» РМК Экологиялық мониторинг департаментінің директоры Д.К. Әлимбаеваның баяндамалары тыңдалды.
Сөз сөйлеушілердің баяндамаларында Каспийдің негізгі экологиялық проблемалары және қоршаған ортаға әсерлері, заңнамалық-ұйымдастырушылық іс-шаралар мәселелері жарияланды.
Сонымен қатар, экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша біріңғай ақпараттық жүйені құру сұрағы да көтерілді.
Баяндамаларды талқылау, қойылған сұрақтарға жауаптар берілгеннен кейін, тиісті құрылымдық бөлімдерге көтерілген сұрақты одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты жүргізу ұсынылды.
2. Тұрақты даму мақсатын іске асыру бойынша Энергетика министрлігінің қызметі туралы сұрақтары.
ҚР ЭМ Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграциалық үдерістер департаменті директорының орынбасары Б.Д. Керейдің есебі тыңдалды.
ТДМ қол жеткізу үшін салалық сұрақтар бойынша халықаралық ұйымдармен жұмысты одан әрі теңестіруі атап өтілді.
А.ж. 3 қарашасында ҚР Парламенті Мәжілісінде Конференцияның өтуі көзделуде, өткеннен кейін жұмыс одан әрі жалғасатын болады.