Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

ПРЕСС-РЕЛИЗ 20-12-2016
20 декабря, 2016
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2 апреля, 2017
ПРЕСС-РЕЛИЗ 20-12-2016
20 декабря, 2016
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2 апреля, 2017

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан ғылымының даму көкжиектері бағыты бойынша «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан еліне жолдауын талқылау

2017 жылдың 8 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстан ғылымының даму көкжиектері» бағыты бойынша «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан еліне жолдауын талқылауға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының Төралқаның кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыста Қазақстанның үшінші жаңғыру басымдықтарын іске асыру бойынша Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан ғылыми-инженерлік корпусының алдында тұрған мәселелер талқыланды:

  • экономиканы технологиялық жедел жаңғырту;
  • бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; зерттеулер мен тәжірибе, ғылым мен өндіріс арасындағы «көпірді» құру туралы мәселелерді коммерцияландыру;
  • базалық саланың дамуы бойынша: тау-кен металлургия саласы, құрылыс, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп, көлік және логистика және т.б.,
  • адами капитал сапасын жақсарту.

Отырысты Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының президенті, академик Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы ашты. Елдің тұрақты ғылыми-технологиялық дамуы, индустриалды-инновациялық бағдарламалардың орындалуы, ең бастысы елдің технологиялық дамуы үшін ғылым инновацияның басты көзіне айналуы, Қазақстан экономикасында ғылымның енуі саласындағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыруда Академияның барынша үлесін қосуын атап өтті.

Сонымен қатар баяндама жасағандар:

  1. Қазақстан ғылымын дамыту бойынша:
    Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, ҚР ҰИА және ХИА академигі Төлешов Амандық Қуатұлы.
  2. «Сандық Қазақстан» бағыты бойынша:
    Қазақстандық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры, ҚР ҰИА академигі Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы.
  3. «Көлік саласы» бағыты бойынша:
    ҚР ҰИА көлік және коммуникация бөлімінің төраағасы, ҚР ҰИА академигі Бекмағамбетов Мұрат Махметұлы.
  4. Мұнай-газ саласы бойынша:
    Қазақстан Республикасының ұлттық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті, академик Надиров Надир Каримович.
  5. Тау-кен металлургия бағыты бойынша:
    ҚР ҰИА тау-геологиялық бөлімінің төрағасы, ҚР ҰИА академигі Бітімбаев Марат Жақыпұлы.
  6. Тау-кен металлургия бағыты бойынша:
    ЖШС ««Oriental Co.Ltd» инженерлік фирмасы» директоры, ҚР ҰИА академигі Даниленко Александр Анатольевич.
  7. «Құрылыс» бағыты бойынша:

ЖШС ««KAZGOR» Жобалық Академиясы» директорлар кеңесінің төрағасы ҚР ҰИА академигі Татығұлов Абдысағит Шаймұхамбетұлы.

Жолдауды талқылауға Қазақстандағы көрнекті ғалымдары мен инженерлер, ірі кәсіпорындардың басшылары, академиктер Алшанов Р.А., Асанова С.Ж., Бекбулатов Ш.Х., Бекмағамбетов М.М., Бітімбаев М.Ж., Құлыбаев А.А., Мун Г.А., Мырзахметов М.М., Надиров Н.К., Татығулов А.Ш., Төлебаев К.Р., корреспондент-мүшелері Медиева Г.А., Трофимов А.С., Кетегенов Т.А., Смағұлов А.С. және т.б. қатысты.

Қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын бірауыздан қолдады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан еліне жолдауында қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академия жұмысының кеңейтілген жоспары қабылданды.