ҚазҰУ Түлектер күнi

Референдум – реформалар нәтижесінде билік тармақтарының өзара қарым-қатынасының жаңа, неғұрлым оңтайлы теңгерімі және мемлекет пен қоғамның тиімді диалогы қалыптасады
24 мая, 2022
Референдум қарсаңында сенаторлар ҚазИТУ-ға келді
31 мая, 2022
Референдум – реформалар нәтижесінде билік тармақтарының өзара қарым-қатынасының жаңа, неғұрлым оңтайлы теңгерімі және мемлекет пен қоғамның тиімді диалогы қалыптасады
24 мая, 2022
Референдум қарсаңында сенаторлар ҚазИТУ-ға келді
31 мая, 2022

28 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі, жыл сайынғы мереке – ҚазҰУ Түлектер күні өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің әр жылдардағы түлектері дәстүрлі Түлектер күнін үлкен көлемде атап өтті. Жыл сайынғы мерекеге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, дипломаттар, мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми қоғамдастықтың, еліміздің, алыс және жақын шетелдердің серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері, әр жылдардың түлектері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Іс-шараның мазмұнды бағдарламасына мыналар кірді: факультеттердегі кездесулер, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының отырысы, онда жұмыс қорытындысы шығарылып, университеттің 90 жылдық мерейтойына дайындық бойынша өзекті міндеттер айқындалды, Шығыстың ұлы ойшылы Әбу-Насыр әл-Фарабидің ескерткіші мен Академик Ө.А. Жолдасбековтың монументіне гүл шоқтарын қою, сондай-ақ ҚазҰУ-дың бас алаңында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

ҚазҰУ түлектері қауымдастығының отырысында ҚазҰУ-дың белгілі түлегі, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры (2008-2010 жж.), ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының президенті, Түркі елдері Математикалық қоғамының президенті, Ислам елдерінің инженерлік академиялар федерациясының президенті, Халықаралық Инженерлік академияның бірінші вице-президенті, ҚР ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы «Аса көрнекті түлек» медалімен марапатталды.

Қарашаңырақ білім ордасын ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Мәми, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов, ЖОО ректорлары мен ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, сондай-ақ еліміздің басқа да көптеген танымал тұлғалары айтулы мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, салтанатты шарада ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев құттықтау сөз сөйлеп, барлық түлектерге студенттер мен университетке көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін ризашылығын білдірді.

Түлектер күні ҚазҰУ оқытушылары, студенттері мен түлектерінің бірлігі мен тұтастығын, мәңгілік құндылықтардың, ғылым мен білімнің, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің маңыздылығын көрсетті. Өзіңнің түлеп ұшқан университетіңе ерекше қарым-қатынас жасау – оқыған жерің, өміріңдегі естен кетпес ең жақсы өткізген студенттік жылдарың, білім нәрінен сусындап, одан арғы мансаптың іргетасына айналған киелі орынға деген құрметің бұл жалпыұлттық патриотизмнің маңызды көрінісі.