Математика әлеміндегі мәңгілік тұлға

Теория мен практика арасындағы көпір: ҚазҰУ студенттері ҚР Ұлттық инженерлік академиясында өндірістік практикада
24 апреля, 2024
Ғылымдағы алғашқы қадамдар
2 мая, 2024
Теория мен практика арасындағы көпір: ҚазҰУ студенттері ҚР Ұлттық инженерлік академиясында өндірістік практикада
24 апреля, 2024
Ғылымдағы алғашқы қадамдар
2 мая, 2024

Математика әлеміндегі мәңгілік тұлға

Бүгін Ш. Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика лицей-интернатында Шалтай Смағұлұлының 75 жылдығына және мектепке есімі берілгеніне 20 жыл толуына байланысты іс-шара өтті.

Ш.С. Смағұлов — аса көрнекті ғалым, педагог, ғылым мен білімді ұйымдастырушы. Ол оқушысы, әрiптесi әрi досы академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловпен бiрге Есептеу гидродинамикасы және математикалық модельдеу бойынша ғылыми мектеп құрды. Навье-Стокс теңдеулерін шешудің үнемді сандық әдістерін жасауға үлкен үлес қосты. Алғаш рет магниттік гидродинамиканың сызықты емес деградацияланатын теңдеулері үшін бастапқы шекті мәселенің дұрыстығын дәлелдеді, айнымалы ток функциясы — құйын айнымалыларындағы тұтқыр сығылмайтын сұйықтықтың теңдеулерін шешудің жаңа сандық әдісін ұсынды, жалған аймақтар әдісін негіздеу мен қолдануда түбегейлі нәтижелер алынды.

Ш.С. Смағұлов жетекшілігімен есептеу және қолданбалы математиканың өзекті мәселелері бойынша 50-ден астам кандидаттық және 10 докторлық диссертация қорғалды. 120-дан астам ғылыми еңбектердің авторы.

Бұл мерекеде Шалтай Смағұлұлының курстастары Абылхайыров Оңдасын, Ералиев Сайлау, бауыры Балқыбай Төлегенов, жұбайы Қалимаш жеңгей, қарындастары және туған-туыстары қатысты. Шалтай Смағұлұлының оқушылары физика-математика ғылымдарының докторлары, профессор Темiрбеков Нұрлан, профессор Бектемесов Мақтағали, PhD, профессор Жакебаев Даурен және тағы басқа ғалым-математиктер қатысты.

Мерейлі жасқа арналған іс-шара Шалтай Смағұлұлына арналған «Математика әлеміндегі мәңгілік тұлға» атты естелік бұрыштың салтанатты ашылуымен басталды. Бұл естелік бұрыштың тұсаукесер рәсімін ғалымның жұбайы Қалимаш Демеуовна мен мектеп директоры Гүлмира Бейбитовна Алдибекова жасады. Ашылу салтанатына мектеп ұстаздары мен оқушылар белсенді атсалысты. Дарынды оқушылар ғұлама-ғалым Шалтай Смағұлұлына арналған өлең жолдарын оқыды.

Салтанатты іс-шара мектеп оқушыларының робототехникадан жеткен жетістіктерінің көрмесімен жалғасты. Оқушылар әлемдік деңгейдегі роботехника саласы бойынша конкурстарда жүлделі орындар иеленгенін слайдтар арқылы әңгімелеп берді.

Мектеп оқушыларынан құралған 5 команда интеллектуалдық сайысқа түсті. Сайысқа қатысқан мектеп оқушылары өздерінің жан-жақты біліктілігін көрсете білді.

Жалпы алғанда мектеп оқушылары өздерінің өте тәрбиелі, білімді және өнерлі екендерін көрсетті.

Ғұлама ғалымның мерейтойына, мектепке есімі берілгеніне 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысқан аға буын өкілдері ерекше әсер алып қайтты. Осындай іс-шаралардың жастарды тәрбиелеудегі және ғылым мен білімге құштар етудегі мән-мағынасы өте зор.