Қазақстанның ғылыми техникалық қауымдастығы үшін орны толмас қаза

ОЛЖАС ТУРАЛЫ ОЙ
18 мая, 2021
Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясы 2021 жылғы жұмысының қорытындысын шығарды
27 ноября, 2021
ОЛЖАС ТУРАЛЫ ОЙ
18 мая, 2021
Қазақстан Республикасының Ұлттық Инженерлік академиясы 2021 жылғы жұмысының қорытындысын шығарды
27 ноября, 2021

Қазақстанның ғылыми техникалық қауымдастығы үшін орны толмас қаза

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының төралқасы ғылыми-техникалық қауымдастықтың орны толмас қазасын қайғырып хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, ғылым мен жоғары білімнің ірі ұйымдастырушысы, көрнекті ғалым және Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының сәулет, құрылыс және құрылыс материалдары бөлімшесінің алғашқы төрағасы, Қазақстанның жоғары жене орта арнаулы білім министрінің орынбасары (1974-1980 жж.), Алматы сәулет-құрылыс институтының негізін қалаушы және бірінші ректоры (1980-1986 жж.), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік архитектура-құрылыс төрағасының орынбасары (1991-1993 жж.) болған

Байболов Серікбек Мұқашұлы

85 жасында қайтыс болды.

Серікбек Мұқашұлы өз ісінің кәсіби маманы және зиялы, әдепті, еңбексүйгіш, өз ісіне берілген азамат еді, осы қасиеттері оған барлық жауапты басшы қызметтерде әрдайым жоғары жетістіктерге жетуіне мүмкіндік берді.

Төралқа мүшесі ретінде ол Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының қалыптасуы мен дамуына белсенді қатысты.

Бұл біздің әрқайсымыз және бүкіл ғылыми-инженерлік қауымдастық үшін орны толмас қайғы.

Орны толмас қазаға қатты қайғыра отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының төралқасы және Қазақстан инженерлер одағы Байболов Серікбек Мұқашұлының отбасына, туыстары мен достарына шын жүректен көңіл айтады.

Ол туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық
инженерлік академиясының төралқасы,
Қазақстан инженерлер одағы