Елмен үндес
1 марта, 2024СЕНАТТА ҒЫЛЫМҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ
18 апреля, 2024Қазақстандағы инженерлік қызметтің болашақ дамуы туралы
БТ Жұмағұловтың ҚР ҰИА
жалпы сессиясы жиналысында сөйлейтін сөзі.
1 наурыз 2024 жыл
Құрметті академия мүшелері және шақырылған қонақтар!
Академияның жалпы жиналысына қош келдіңіздер!
Қазір қиын кезеңде өмір сүрудеміз. Бұл – тез және маңызды шешім қабылдайтын кезең.
Баршаңыз Қазақстанда да маңызды өзгертулер болып жатқанын жақсы білесіздер.
Мемлекетіміздің басшысы Қ.К. Тоқаев мырза 2020 жылы жасаған ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ атты жолдауында: Әлемдік нарықтың мүлде жаңа ахуалына дайын болу керек. Әртараптандырылған және технологияға негізделген экономика құру – жай қажеттілік қана емес. Біз үшін бұдан басқа жол жоқ,- деп атап өтті.
Жақында ғана ел Президенті республикамыздағы экономиканы жетілдірудің принципті жаңа жолын ұсынды. Оларды жүзеге асыру үшін жаңа міндеттер қойылып, Үкімет құрамы өзгерді.
Осы қойылған маңызды міндеттер — инженерлер мен ғалымдарды ерекше толғандырады.
Мәселен, экономиканың стратегиялық бірегейлігі, еңбек өнімділігінің өсуі, экономиканың технологиялық өсуі сияқты мәселелер бар.
Сондай-ақ, өңдеу секторын жедел дамыту, қосымша құнды жүйелі көтеру, жоғары технологияға негізделген өнім жасау міндеттері тұр.
Иә, міндеттер биік.
Бұл мақсатқа жету үшін мүлдем жаңа деңгейдегі кәсіпкерлер, инженерлер жаңа экономика талап етіп отырған инноваторлар қажет.
Осы тұрғыда біздер, отандық ғылым, инженерлер корпусы, және ҚР ҰИА не істей аламыз? Әлемдік тәжірибе қандай?
Біздің орныққан тәжірибеміз бар ма?
Әлбетте, бүкіл елді қамтитын мұндай тәжірибеде біздің орнымыз қандай болмақ?
Әлемдік даму сараптамасы, соңғы 15-20 жылда инженерлік ойды ерекше дамыту, инженер кадрларын даярлау тренді орын алғанын көрсетеді. Бұған ЮНЕСКО-ның инженерлік қызметті дамытудың 2010 және 2021 жылдардағы баяндамалары дәлел бола алады.
Атап айтқанда «… Инженерлік ғылымды дамыту үшін жаңа, өте маңызды, әрі зәру жаңа парадигма қажет. Бұл пәндердің дәстүрлі бөлінуінің аумағынан шыққан, өзінің бағыты жағынан пәнаралық және мультипәнаралық мәселенің аясынан шығып, жоғары деңгейдегі, әрі күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Ол үшін инженерлік іс пен білімнің жаңа деңгейі қажет. Бұл – осы саладағы шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашылумен шешіле бастады. Ең бастысы, ол филиалдарды бітірушілердің жоғары білімінің деңгейі, осы оқу орындарының бас мекемесі деңгейімен, Қазақстан алдында тұрған мүдделермен сәйкес келе ме? Осы мәселені шешуде біздің академияда үлкен рөл атқара алады.
Өткен жылдың қараша айында академиямызға 33 жыл толды. Әрине, тарих үшін қысқа мерзім. Бірақ, біз біршама табыстарға қол жеткіздік.
Академия құрылымында 13 облыстық филиал жұмыс істейді. 35 ғылыми техникалық және инженерлік орталықтар, экономиканың барлық басым бағыттарын қамтитын 10 салалық бөлімшелері бар.
Академия ғалымдары, ең маңызды деген іргелі, қолданбалы және салалық бағыттар бойынша, 5900-дан астам жоба, 447 ғылыми бағдарламаларды және 62 халықаралық жобаны игерді.
Бұл жай ғана цифрлар емес. Мұның ар жағында сіздердің әрқайсыңыздың, академияның барлық мүшелерінің, еңбек ұжымдарының басшылары мен академияның қызметкерлерінің үлкен еңбегі тұр.
Өткен ғасырдың 90 — жылдары ел үкіметі салааралық ғылыми техникалық кеңес (МНТС) құрған болатын. Ал, оның жұмысшы органы – біздің академия болып бекіген еді.
Төрт жыл ішінде МНТС құрамында болған академиямыз 200 ден астам жобаны жүзеге сәтті асырды.
Ең бастысы, осы бастама арқылы 90 жылдары салалық инженерлік ғылымды сақтап қалдық.
Біздің дамуымыздың тағы бір айқын көзі – академиямыздың халықаралық ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істеуі. Бұл бағытта да ойдағыдай тәжірибе алмасып келеміз.
Біз, Халықаралық инженерлік академиямен, Ислам елдері инженерлік институты Федерациясымен (FEIIC) тығыз бірлесіп жұмыс істедік. Осы ұйымда беделді орын алып қана қоймай, төрағалық еттік те.
Қытай инженерлік академиясымен қарым-қатынасымыз ойдағыдай дамып келеді.
Академия Еуроодақтың инженерлік академияларымен ынтымақтастықта. САЕТS Инженерлік және технологиялық ғылымдар академияларының Дүниежүзілік кеңесінің (АҚШ) қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Ондаған беделді халықаралық ұйымдармен ғылыми тығыз байланыстамыз.
Академияның дамуындағы тағы бір маңызды қадам — біздің елімізде алғаш рет инженерлер мен ғалымдардың Бүкіләлемдік Конгресі өткізілді.
Конгресске әлемдік ғылым мен инженерлік ойдың жарық жұлдыздары мен ғалымдары қатысты. Олардың ішінде: Төрт Нобель сыйлығының лауреаттары, он сегіз «Жаһандық энергия» сыйлығының лауреаттары, сонымен қатар мыңнан астам көрнекті ғалымдар мен инженерлер, бизнестегі басқарушы мамандар қатысты. Әлемнің 51 елінің және ірі халықаралық ұйымдардың өкілдері болды.
Конгресс – Қазақстан ғылымы мен инженериясының, біздің академияның әлемдік деңгейде танылуына және айқын көрсетілуіне жол ашып, танымалдығы мен беделін көтергендігін ашық мәлімдей аламыз. Сондай ақ, әлемдік танымал ұйымдармен, көрнекті ғалымдармен тығыз байланыстар орнатылды.
Халықаралық «Жаһандық жібек жолы – 2018» (Global Silk Road – 2018) форумы аясында біздің академия стратегиялық бағыты жағынан маңызды «Бір белдеу, бір жол» атты жобаға сәйкес панельдік сессияға эксперт ретінде қатысқанын айта кеткен жөн. Еуразия континентінде Ұлы жібек жолын қайта жандандыруға байланысты, ғалымдар мен инженерлер алдында тұрған өзекті, көкейкесті мәселелер кеңінен талқыланды.
Делегаттар арасында Нобель сыйлығының лауреаты энергетика және ресурстар институтының жетекшісі Раджендра Патчаури және әлемнің 20 елінің атақты ғалымдары мен топ менеджерлері болды.
Инженерлік істің беделі мен маңызын көтеру жолында 2015 жылдан бері ҚР ҰИА өткізіп келе жатқан «Жылдың үздік инженері» конкурсын атап өткім келеді.
ҚР ҰИА тұрақты түрде инженерлерді, өндірісті және жоғары оқу орындарын өзара біріктіретін конференция, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіп келеді.
Айта кетелік, бұл шаралар үшін мемлекеттен ешқандай қаржылай көмек алынған жоқ және алмай келе жатқанымызды да атап өткім келеді. Заманауи ғылымды насихаттау және танымал жасау жолында біз бизнес ортасында, халық және жастар ортасында инженерлік жетістіктерді және оларды жүзеге асыру мақсаттары үшін жұмыс істей береміз («Техника молодежи», «Знание сила» атты арнайы журналдарды шығаруды қоса алғанда). Осы салаға мемлекеттің көмегі керек.
ҚР ҰИА мүшелері, инженерлері мен ғалымдары ғылым туралы және оның жетістіктерін коммерцияландыру, білім туралы, инновациялық және патенттік қызмет туралы, Педагог мәртебесі туралы, экология туралы және басқа да көптеген бағыттар бойынша заңнаманы жетілдіруге үнемі елеулі үлес қосып келеді.
Академия мүшелері Ұлттық ғылыми кеңес (ННС) өткізетін ғылыми жобалардың сараптамасына қатысады. ҚР ҰИА ұсынымы бойынша жоғары рейтингі бар ғалымдар осы Ұлттық ғылыми кеңес құрамына кіреді.
Облыстардағы филиалдардың жұмысы да назар аударуға тұрарлық. Мен олардың екеуінің жемісті жұмысын атап өткім келеді. Бұл – Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстық филиалдары.
Бүгін академия жұмысына белсенді араласып жүрген Төралқа, конкурстық комиссия мен аппарат мүшелеріне айтар алғысымыз мол.
Мұның бәрі, еліміздегі инженерлік істің нақты дамуына мүмкіндік береді. Әрине, академиялық бөлімшелердің, олардың жетекшілерінің белсенді қызметіне тереңнен зерттеп, баға беруге болар еді. Бірақ регламентті ескере отырып, сіздердің назарларыңызды алдымызда тұрған асқаралы міндеттерге аударуды жөн көрдім.
Қадірлі әріптестер, еліміздің жаңа бағытына сәйкес мемлекетіміздің технологиялық дамуына бағытталған биік міндеттер тосып тұр.
Мемлекетімізде бұл бағыт жан-жақты іске асырыла бастады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда құны 930 млрд. болатын 170 жоба басталды. 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ал үстіміздегі жылы құны 1,5 трлн. болатын 180 жоба жоспарланып, оның негізінде 18 мың жұмыс орны ашылатыны жоспарлануда.
Олардың арасында Павлодар облысындағы ферросплав зауыты бар. Қостанай облысында шойын құю арқылы жүк көліктерінің компоненттерін дайындау, Алматы облысында тұрмыстық техника жасау зауыты және Қарағанды облысы үшін жылу энергетика көздеріне қажетті компоненттер дайындала бастады.
Отандық кәсіпкерлер кеңесі мәліметінде айтылғандай, өз кадрларымызбен шикізат тауарларын пайдалану — ішкі мемлекеттік құндылығымыз болып табылады.
Сондықтан да, мақсаттарымыз бен міндеттерімізге жаңа көзқараспен қарау қажеттігі туындап отыр.
Ең бастысы, біз еліміздің жаңа индустрия аумағында инженерлік корпустың жоғары дәрежесі мен бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуге тиіспіз.
Біз деп отырғанымыз, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы ғана емес, өндірістік бизнесті, оның ұйымдарын, инженерлік кадрларды дайындайтын оқу орындары, ғылыми-инновациялық, қарапайым инновациялық салаларды қоса айтып отырмын.
Әрине, мемлекеттің қолдауынсыз осы саладағы қордаланған мәселелерді шешу өте қиын.
ЮНЕСКО-ның 2021 жылға арналған жаңа баяндамасында тұрақты даму жолы – инженерлік іс пен оның маңызын түсіну қажеттілігіне назар аударылды. Сондықтан да ел үкіметтеріне өндірістік және кәсіби инженерлік мекемелерге инженерлік пәндер оқытушыларына бұл саланы оқытудың маңыздылығына назар аудартылды.
Ең алдымен, инженерлік қызметті жаңа мақсаттар мен қажетті бағыттарға мақсатты түрде бұру үшін — мемлекеттік саясат қажет.
Әрі бұл саясат қажетті құқықтық, институционалдық және инфрақұрылымдық қолдауға ие болуға тиісті.
Бұл – күрделі әрі салааралық міндет. ҚР ҰИА осы мәселенің бастамашысы болуы тиіс деп есептеймін. Осы сала ең алдымен мемлекеттік мүдде тұрғысынан шешуге бағытталғаны жөн. Мемлекеттің мүддесі арқылы әр маманның жауапкершілік алуына қол жеткізуге болады.
Осыдан он жыл бұрын үкіметте сапалық және квалификациялық үлкен мәселе көтеріліп еді. Бірақ, ол жалғасын таппады. Бүгінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырза осы мәселені қайта қолға алды. Қуанарлық жайт. Біз осы мәселеге де белсенді араласуымыз қажет.
Инженерлік қызметкерлердің карьералық өсуіне міндетті түрде меритократиялық талап қойылады. Мысалы дамыған елдерде (АҚШ, Германия және т.б.) карьерлік өсудің көп деңгейлері бар. Ол үшін әр инженер кәсіби деңгейін көтерумен бірге, бос уақытында да оқыған курсынан сертификация алады.
Кәсіби деңгейін көтерген, және оң баға алған кадрлар ғана жоғары қызметке тағайындалады.
Бұл карьералык өсуге ынталандыру және оның объективті мүмкіндіктерін туындатады.
Мұны жүзеге асыру үшін «өмір бойы білім алу» жүйесін қалыптастыру қажет.
Инженерлерді даярлау үшін жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының біліктілігі туралы, олардың нақты өндірістік процесске қаншалықты жақын екендігі туралы бағдарламалар мен әдістемелер туралы ойлану керек.
Тек қана инженерлерді даярлау ғана емес, болашақ жетекшілерді, менеджерлерді және жаңашыл тұлғаларды тәрбиелеу маңыздылығын жетілдірген жөн.
Бұл салада жақсы мысалдар да жоқ емес.
Жұмыс істеуші және болашақ іске қосылатын өндіріс орындарын жақындатқанда ғана, кадрлық мәселелерді оңтайлы шеше аламыз. Инженерлерді нысаналы түрде дайындауға қол жеткізіледі.
Осы мақсатқа жету үшін 2023 жылдың мамыр айында Baitursynov University жанынан машина жасау консорциумы құрылды. Оған академик Ө. А. Жолдасбеков атындағы механика және машина жасау институты, ЖШС «Сарыарқа Автопром», «Агромаш Холдинг KZ», «KAMLIT KZ», Қостанай автомобиль транспорты колледжі кірді.
Консорциум аясында «Инженерлік академия» жобасы жүргізіліп жатыр. Бұл бағдар беру, техникалық және инженерлік ғылымға баулуға бағытталып отыр.
Қ.И. Сатпаев атындағы техникалық университетте де инженерлік табыстар жетерлік. Ол жерде зерттеуші Хаб құрылып, ол белсенді жұмыс істей бастады.
Металлургия институты жоғары сапалы селен алудың да технологиясын енгізді. Бұл жұмысты да жоғары білім министрі жоғары бағалады. Жалпы зерттеуші Сатпаев университеті еліміздегі зерттеуші университеттер үшін эталон болып табылады.
Республикада құрылыс саласын, оның ішінде сейсмикалық құрылыстың маңызы өте жоғары. Алғашқы 15-20 жыл ішінде инженерлік академия осы салаға көп мән берді. Академик Толеубай Жүнісұлы Жүнісовтің жетекшілігімен конференциялар, құрылыс алаңындағы кездесулер жиі өткізіліп тұрды. Соңғы кездері бұл сала назардан тыс қала бастады. Осыған орай, академиямыздың сәулет, құрылыс және құрылыс материалдары бөлімі олқылықтың орнын толтыратын комплексті шаралар қабылдайды ғой деп сенемін.
Сондай ақ, академия мүшелері еліміздің қалалар мен өңірлерін, елді мекендерін жылумен қамтамасыз ету туралы өз пікірлерін ортаға салады ғой деп ойлаймын. Сіздер, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинскаяның осы сала бойынша кәсіби инженер кадрларының жоқтығы және оның салдары туралы айтқанын жақсы білесіздер.
Бұл мәселе енді біздің назарымыздан тыс қалмауы керек.
Тағы бір мәселені айта кеткім келеді. Ол минералды шикізат пен геологиялық комплекс. 90 — жылдардың басында біздің еліміз осы салада көшбасшы болды. Инженер-геологтар саны 100 мыңнан асатын. Қазір академия сапындағы көрнекті ғалым геологтар С.Ж. Даукев, Г.Ж. Жолтаев, Б.С. Ужкенов сынды және тағы да басқа академиктермен бірлесіп, осы саланың жетілуіне айтарлықтай үлес қоса аламыз ғой деп ойлаймын.
Осы салаға біз қазір де ықпал ете аламыз.
Әлемдегі және Қазақстандағы дамып келе жатқан цифрландыру заманында, IT саласының дамуы және сапалы кадрларды дайындау міндеті тұр.
Тіпті Астана хабтың өзі Қазақстанға жүздеген миллион доллар табыс әкеліп отыр.
Президент Тоқаев жақын арада табысты жылына 1 млрд долларға жеткізу талабын қойды.
IT саласының болашақ даму жобалары, және инженерлік кадрларды дамыту мәселесі туралы «DIGITAL ALMATY 2024» форумында кеңінен айтылды.
Алматы халықаралық форумында қалыптасқан жағдай сараланып, ғылыми жобалардың бағыттары айқындалды. Ғылыми жобалары мен басқа да ұйымдардың жұмыстарын жандандыру үшін кеңінен пайдаланған жөн.
Өзге елдермен салыстырғанда бізде инженерлік еңбектің мәртебесі бойынша біраз проблемалар бар. Салыстыра кетейін, Германияда айына — 4,6 мың еуро, Франияда — 3,5 мың еуро, ал АҚШ програмисттері — 10 мың доллар, Швейцария — 8, Израиль — 7.
Ал Қазақстанда ол айлық шамамен — 360 мыңды құрайды. Ол деген — 0,8 мың доллар ғана. Ол дегеніміз сатып алу мүмкіндігін есептегенде мардымсыз айлық.
Сондықтан да олқылықтың орнын толтыру үшін мемлекеттік деңгейде бекітілген шешім қажет.
Тағы бір маңызды мәселе туралы айта кетейін. Дүние жүзінде білімді, технологияны насихаттау, қазіргі қоғамды, қалың жұртшылықты араластыра отырып жүзеге асырылады. Ғалымдар, ғылым мен технологияны насихаттау, заман талабы.
Ғылымның, инженерияның құндылығы төмендеді. Дегенмен, Қазақстан үшін әлемдік трендтерге сәйкес, комплексті шаралар қабылдау қажет.
Екі нәрсеге назар аударғым келеді. Ең алдымен ғылым мен технологияның әлемдік тәжірибесі осылай дейді. Ол екеуі бірігіп өмірді өзгертеді. Осы мәселелерді жүзеге асыру үшін бүгінгі ұрпаққа ғана емес болашақ кадрларға да сену қажет.
Иә, табыстарға қол жеткізуге болады. Қытай және басқа елдер тәжірибесіне қарасақ, ғылыми танымды жасау үшін қомақты қаражат керек.
Ортаға салынған ойлар бойынша, өз пікірлеріңізді айтасыздар деп есептеймін.
Тере берсек, инженерлік ғылымның мұндай өзекті мәселелері жеткілікті.
Адамдардың қызметінің әр саласы, экономиканың салалары, адам өмірінің әр бөлігі өзіндік жеке дара қасиетке ие.
Ой – ортақ, пікір – ортақ.
Пікірталас арқылы ортақ шешімге келе аламыз.
Назар қойып тыңдағандарыңызға, рахмет айтамын!