Қарашаңырақ
12 января, 2024Елмен үндес
1 марта, 2024Пресс-релиз
Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының (ҚР ҰИА) төралқасы 2024 жылдың 1 наурызында академияның жалпы жиналысының кезекті сессиясын өткізеді.
Жиналыс сағат 15.00-де Каспий университетінің Ғылыми кеңесінің залында, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85А мекенжайы бойынша өтеді.
Жиналысқа көрнекті инженерлер мен ғалымдар, өндіріс мамандары, мемлекеттік басқару органдарының, ірі ұлттық компаниялар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдері шақырылды.
Академия президенті Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов «Қазақстандағы инженерлік қызметтің болашақ дамуы туралы» атты негізгі баяндаманы жасайды.
Негізгі баяндамаға жарыссөзде Қарабалин У.С., академик, Қазақстанның Еңбек Ері, «KARLSKRONA» ЖШС Бас директоры У.Б.Ахметов, академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының директоры, академик З.Ғ. Уәлиев, ҚР ҰИА «Машина жасау» бөлімінің төрағасы, академик М.М. Молдабеков, «Allur компаниялар тобы» АҚ корпоративтік университетінің басшысы Л.Б.Олкинян, ҚР ҰИА вице-президенті, «Экономика» бөлімшесінің төрағасы, «Тұран» университетінің ректоры Р.А.Алшанов, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің проректоры Ж. Т. Қоңырбаева және тағы да басқалар сөз сөйлейді.
Еліміздің ғылыми-инженерлік жұртшылығы еліміздің ғалымдары мен инженерлерінің алдында тұрған өзекті мәселелер қаралатын болады: экономикадағы инновациялық процесті дамыту; қазақстандық ғалымдар мен инженерлердің елдің цифрлық экономиканы дамыту бағытын іске асыруға қатысуы; инженерлік кадрларды, оның ішінде сейсмикаға төзімді құрылыс, жылу энергетикасы саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыру.
Бүгінгі таңда ғылым нәтижелерін іске асырудың, оны өндіріспен, бизнеспен тиімді интеграциялаудың, нарықтың перспективалық технологиялық талаптарын қанағаттандырудың түбегейлі жаңа деңгейіне көшудің аса өзекті мәселелері талқыланатын болады.
«2023 жылдың үздік инженері» республикалық байқауының жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының жаңа толық мүшелерін (академиктерін) және корреспондент мүшелерін сайлау өткізіледі.
ҚР ҰИА баспасөз орталығы
+7 747 2039397