Пресс-релиз ҚР ҰИА

Пресс-релиз БҚИСЖАӘ-2017
10 июня, 2015
Толығырақ: Ғылыми жетістіктер
12 августа, 2015
Пресс-релиз БҚИСЖАӘ-2017
10 июня, 2015
Толығырақ: Ғылыми жетістіктер
12 августа, 2015

Пресс-релиз ҚР ҰИА

2015 жылдың 5 маусымында Алматы қ. «Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң жобасын талқылауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы Президиумының кеңейтілген мәжілісі өтті.

ҚР ҰИА президенті, академик Б.Т. Жұмағұловтың сөйлейтін сөзінде Ұлт көшбасшысының «Мемлекеттік құрылыстағы 100 нақты қадам» Жоспарын жүзеге асыру аясында Академияның міндеттері және Елбасы Н.Ә. Назарбаев қысқа әрі салмақты түрде көрсеткен негізгі мақсат – барлығымызға арналған қазіргі заман мемлекетін құру үшін ғылми идеялар мен зерттемелер өндірісінде жылдам әрі тиімді алға жылжуына әрекеттестік ететін индустриалды-инновациялық дамудағы ықпалды тетіктерін анықтады.

Мәжіліс жұмысына атақты ғалымдар, академиктер: Алшанов Р.А., Болотов А.В., Құлыбаев А.А., Надиров Н.К.,Татығұлов А.Ш., Мун Г.А., корреспондент мүшелер Ахмедов Д.Ш., Медиева Г.А., Сүлейменов И.Э., Трофимов А.C. және б. қатысты.

«Жүз қадам» президенттік реформасында елдің индустриалды-инновациялық дамуының қажеттіліктеріне ғылыми гранттар мен бағдарламалардың құрылымын қайта бағдарлаудың қажеттілігі жайында тікелей мәлімделген.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының басым бағыттары қатарында болды және біз оны ғылыми және инженерлік ойлардың алға жылжуының негізгі құрастырушысы ретінде әрқашан қарастырып келдік. Мұның бірінші дәрежелі мемлекеттік тапсырма болғандығы, ол – Инженерлік академияның, біздің ғалмыдарымыздың үлкен еңбегі. Ғылыми зерттемелерді коммерциаландыру — айтарлықтай күрделі, бірақ қажет үдеріс. Нақты кәсіпорындарда ғылыми зерттемелерді енгізуден елеулі экономикалық нәтижелерге дейінгі ерекше ұзын бүгінгі тізбекті қысқарту оңай емес, дегенмен Технологияны коммерциализациялау туралы Заң жобасы туралы Елбасының қабылдаған шешімі арқылы жағдай түбегейлі өзгеруі тиіс.

Инженерлік және ғылыми-конструкторлық зерттемелердің үлкен қорына ие, оларды жүзеге асырмау мен бизнеспен жақындастыру үдерісінде үлкен тәжірибеге ие еліміздің ғылыми-инженерлік қоғамдастығы Заң жобасының 12 бабтары бойынша 26 астам ұсыныс жасады. Бұл ұсыныстар ғалмыдар мен инженерлер мәжілісінде талқылаудан өткеннен кейін, «Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң жобасына енгізу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі және біз үміттенгендей, болашақта қабылданатын Заң елімізде инновациялық үдерісті ынталандыратын, айтарлықтай бәрін қамти алатын және жұмысқа қабілетті ете алады.