Стартапты коммерцияландыру тренингіне келіңіз

ТҮРКСОЙ Бас хатшысының Түркі әлемі математикалық қоғамының президентімен кездесуі
25 января, 2023
Ауыл мұғалімінен академикке дейін
31 июля, 2023
ТҮРКСОЙ Бас хатшысының Түркі әлемі математикалық қоғамының президентімен кездесуі
25 января, 2023
Ауыл мұғалімінен академикке дейін
31 июля, 2023

Стартапты коммерцияландыру тренингіне келіңіз

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясы, «Тұран» университеті, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «ХАЛЫҚ» Қайырымдылық Қоры, Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы және Қазақстандық маркетинг қауымдастығы сіздерге өз құрметін білдіріп, бизнес идеяларды коммерцияландыру бойынша өтеусіз негізде оқуды өтуге шақырады!

Біздің ынтымақтастығымыздың мақсаты – кәсіпкерлік деңгейін арттыру мәдениеті, кәсіпкерлікті қолдауды кеңейту және Қазақстан экономикасы үшін ШОБ саласындағы білікті кадрлар дайындау.

«Тұран» университеті Қазақстанда бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету «ИДҰА Qazinnovation» АҚ-нің ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі грантының иегері болып табылатынын хабарлауға қуаныштымыз.

Грантты өтеусіз негізде іске асыру шеңберінде стартаптарды бизнес-инкубациялау және сертификаттар бере отырып, оларды коммерцияландыруға арналған конкурстарға одан әрі қатысу үшін жобаларды дайындау бойынша оқыту жүргізілетін болады.

Жобаларды бизнес-инкубациялау бойынша сертификаты «ИДҰА Qazinnovation» АҚ-дан технологияларды коммерцияландыруға арналған конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді, грант сомасы 20 млн.теңгеге дейін құрайды.

Оқыту стартап – жобаларды дайындауға, буып-түюге және нарықта одан әрі ілгерілетуге бағытталған. Сарапшылар бизнес жобаларды ілгерілету мен коммерцияландыруда практикалық тәжірибесі бар жоғары кәсіби сертификатталған мамандар болып табылады.

Оқыту шеңберінде мынадай оқыту модульдері көзделген: ABC Entrepreneurship, бизнес-жоспар дайындау және өтінім беру, маркетингтік зерттеулер, шешендік өнер, фандрайзинг, командалық білім және т. б.

Сіз аласыз:

  • жоғары кәсіби сарапшылардан тренинг, бизнес-жобаларға кеңес беру мен дайындаудың практикалық тәжірибесі;
  • «ИДҰА Qazinnovation» АҚ-дан технологияны коммерцияландыру үшін грант алу ықтималдығын арттырасыз 20 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде, өтінім бойынша жеке консалтинг;
  • бизнес-инкубациялау бағдарламасынан өткені туралы грант ұстаушының сертификаті;
  • ыңғайлы оқу жағдайлары және т. б.

Бірінші топ оқуға 24.07.2023 ж. бастап 08.08.2023 ж. дейін кірісе алады (орындар саны шектеулі).

Екінші топ оқуға 17.08.2023 ж. бастап 04.10.2023 ж. дейін кірісе алады (орындар саны шектеулі).

Оқуға тіркелу сілтеме бойынша Google-нысанда жүргізіледі 

Өтетін орны: «Тұран» университеті, Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 16А

Байланыс: +7 777 233 6955 Саурукова Айнұр

⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀+7 701 227 9211 Гаухар Жамалова

E-mail: sceince@turan-edu.kz