Самарқандтағы Түркі әлемі математиктерінің ғылыми форумы

Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлының құттықтау сөзі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі
16 мая, 2024
Қыпшақбаев Нариман Қыпшабайұлына Қазақстанның құрметті инженері атағы берілді
19 июня, 2024
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлының құттықтау сөзі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі
16 мая, 2024
Қыпшақбаев Нариман Қыпшабайұлына Қазақстанның құрметті инженері атағы берілді
19 июня, 2024

Самарқандтағы Түркі әлемі математиктерінің ғылыми форумы

Бүгін 2024 жылдың 17-нші мамыры күні  Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) Самарқанд қаласында, Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің базасында TWMS Басқарма мүшелерінің көшпелі отырысын өткізді.

Ғылыми форум әлемдегі ең көне қалалардың бірі Самарқандта өтеді. Бұл өзбек қаласының тарихы 2750 жылдан асады, яғни Рим мен Афина қалаларымен қатарлас.

Көшпелі отырыс көрнекті ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының президенті, Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың төрағалығымен өтті.

«TWMS VII Конгресі резолюциясы шешімдерінің орындалу барысы туралы» алғашқы пленарлық баяндаманы Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов жасады.

Ол өз баяндамасында Түркі әлемі математикалық қоғамының өзекті мәселелеріне басты назар аударды.

Көшпелі отырыстың негізгі мақсаты ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымын дамытуға және математикада, ғылыми зерттеулерде, техника мен білім беруде ақпараттық технологиялардың жетістіктерін пайдалануға бағыттау болып табылатынын атап өтті.

Отырысқа қатысушыларды Самарқанд мемлекеттік университетінің ректоры, сенатор Халмурадов Рустам Ибрагимович кіріспе сөзбен құттықтады. Ол Түркі әлемі математик-ғалымдары экономиканың, экологияның қолданбалы есептерін бірлесіп шешу үшін шығармашылық топтар құру қажеттігін атап өтті. Көшпелі отырысқа қатысушылардың табыстарға жетуіне тілектестік білдірді.

Содан кейін TWMS-ке қатысушы елдердің вице-президенттері математика мен қолданбалы математиканы дамыту туралы баяндамалар жасады.

Келесі баяндамаларды Түркі әлемі математикалық қоғамының (TWMS) вице-президенті, Өзбекстан ҰҒА академигі Әзімбай Садуллаев, профессор Мирсаид Арипов жасады. Бұл ғалымдар Өзбекстан математиктерінің іргелі, есептеу және қолданбалы математика салаларындағы  ғылыми жетістеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Қазақстаннан Садыбеков Махмуд Әбдісаметұлы, математика және математикалық модельдеу институтының директоры, TWMS вице-президенті баяндама жасады. Баяндама тақырыбы «Қазақстандық математиктердің жарияланымдық белсенділігі және Қазақстанның іргелі математикасының жақын болашақтағы міндеттері». Қазақстандық математиктердің жарияланымдық белсенділігі және қазақстандық іргелі математиканың таяудағы міндеттері туралы ақпарат берді.

Келесі «Әлемдік ғылымиметрикалық базалардағы TWMS журналдарын дамыту» атты баяндаманы Баку мемлекеттік университетінің қолданбалы математика институтының директоры, TWMS вице-президенті Алиев Фикрет жасады. Әзірбайжаннан келген Баку университетінің профессоры, TWMS вице-президенті Пенахов Этибар өз еліндегі математиканы және қолданбалы математиканы дамыту мәселелері туралы кең ауқымды ақпарат берді.

 TWMS вице-президенті Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы «Өңірлік экологиялық саясат бағытын қолдау және шешім қабылдауға арналған цифрлық аналитикалық платформаны жасау» тақырыбында өте өзекті мәселеге арналған баяндама жасады. Бұл тақырыпта Қазақстан мен Өзбекстан ғалымдары бірлесіп еңбек жасап жатқанын айтты.  

Қазақстаннан бұл ғылыми іс-шараға, ҚР Ұлттық Инженерлік академияның Бас ғалым хатшысы, ҚР ҰИА вице-президенті Иманғалиев Ернар Иманғалиұлы, Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының ғылыми кеңесшісі Тулешов Амандық Қуатұлы қатысты.

Сонымен қатар отырысқа TWMS қоғамына қатысушы елдердің жетекші ғалымдары қатысты.

Математика ғылымын дамытудың және оның компьютерлік мүмкіндіктермен және өндіріспен байланысын нығайтудың маңыздылығын бәрі біледі. Осы бағытты басшылыққа ала отырып, ғалымдар қойылған міндеттерді іске асыруда математика ғылымының рөлін арттыруға ерекше назар аударды.

Самарқанд ғылыми форумы ғалымдарға пікір алмасуға және математика ғылымы саласындағы соңғы жетістіктер туралы ақпарат алуға тамаша мүмкіндік берді.

Қорытынды бөлімде TWMS басқармасының ұйымдастырушылық мәселелері және түркі әлемінің математиктері көтерген өзекті мәселелерді бірлесіп шешу үшін ғылыми бағдарламалар дайындау бойынша ұсыныстар талқыланады. Осындай халықаралық іс-шараны ұйымдастыру арқылы TWMS басқармасы математик-ғалымдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және кеңейтуге үлкен күш жұмсайды.

Бұдан әрі Бағдарлама бойынша Самарқанд мемлекеттік университетінің жаңа ғылыми зертханаларына экскурсия жасалды. Ғалымдар механика саласы бойынша құрылған жаңа  зертхананың заманауи құралдарымен  танысты.

Математик ғалымдар тарихы өте терең Самарқанд туралы көп ақпарат беретін археологиялық музейді аралады.

Ш. Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің математика мамандығының студенттерімен кездесу болды. Академик Б.Т. Жұмағұлов студенттердің сұрақтарына жауап берді. Талантты жастарды Қазақстан университеттеріне магистратура мен PhD докторантурада оқуға шақырды.

Самарқандтағы президенттік мектептің оқушыларымен өте жақсы кездесу болды. Оқушылар өздерінің математика мен ақпараттық технологияларды қолданып жасаған әзірлемелерімен таныстырды.